Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қолы да, аяғы да жоқ оралдық жігіттің өмірге деген құштарлығы елді тәнті етті (фото)

Опубликовано:

Оралдық Гордей Трищенков он екі мүшесі орнындағы талай адамға үлгі қылатын азамат. Оның екі аяғы тізеден, ал сол жақ қолы шынтағынан жоқ болып дүниеге келген деп хабарлайды Астана арнасы.

Қатыгез тағдыр көзін әлі ашпаған шарананы аямаған. Қол-аяғынан шолтитқаны аздай, оң қолын да білезігінен шорт кесіпті.

Қазір Гордей протезбен жүреді. Өмірде сүйеу болар жары мен қызы бар.

"Осылай мүгедек боп туғандықтан, бала кезімнен бәрін үйрендім. Ал абайсызда аяқ-қолынан айрылғандар үшін бұл ауыр тиер еді. Ата-анам да мені мүгедек деп санамады. Жастайымнан осыны санама сіңірді. Әйтпесе «мүгедекпін» деп масыл болар ем. Өзімді қорсынбау үшін мұның көп көмегі болды. Мүмкіндігінше бәрін өзім істеуге тырыстым. Өзімді дені сау адамдардың қатарына қосамын, тек сәл-пәл басқашамын", - дейді Орал қаласының тұрғыны Гордей Трищенков.

Гордей жергілікті «Юнисерв» компаниясында бағдарламашы болып қызмет етеді. Жан-жақты: компьютер жөндейді, сурет салады, тіпті фотоөнерді де меңгерген. Әу баста қызықтап қызын ғана түсіргенімен, қазір той-томалаққа тапсырыс алып жүр.

Пәтер жалдап тұратын жас отбасының өлшеулі бюджетіне бұл да қосымша нәпақа.

"Аяқ-қолымның жоғын көріп шошыған тапсырыс берушілер болды. Бірақ қолымнан іс келетінін көрсетіп, дәлелдедім. Жалпы мүгедек жандарға айтарым – өзгелердің аяушылық танытуын күтіп, уақыт өткізгенше, өз тағдырыңды өзің түзеуге ұмтыл. Өз өмірің - өз қолыңда. Қандай қиындық көрсең де алға ұмтыла беруің керек. Он екі мүшесі сау адамдарға да айтарым сол", - дейді Орал қаласының тұрғыны Гордей Трищенков.

Тағы оқыңыздар: 

Ауыр хәлдегі қостанайлық кейуана діни көзқарасына байланысты қан құйғызудан бас тартып отыр

Дәурен Абаев қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Ақтөбеде екі баласын айдалаға тастап кеткен келіншек туралы жаңа дерек шықты

Белгісіз жағдайда жоғалып кеткен қостанайлық бизнесмен өлі күйінде табылды

Атырауда "Қазавтожолдың" бөлім басшысы 73 мың долларға тең парамен ұсталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1647487-qoldary-da-ayaqtary-zhoq-oraldyq-zhigitt-2/

pixel