Ақтөбеде балаларының шашын алып тастаған әке оқушы қыздарының орамалын шешетін болды
Жарияланған күні:
Бүгін Ақтөбедегі №60 мектепте құқықтық кеңес өтті. Мектеп директоры шашын тақырлап тастаған балалардың əкесін шақырды. Жиын кезінде ашуға булыққан əкесі қыздарының орамалын ғана емес, гамаждарын да шешіп тастауға дайын екенін айтты деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.
"Менің қыздарымның басы биттеп кеткен соң ғана шашын алдым. Бит деп айтуға ұялғаннан кейін жара дедік. Барлығы осы біржапырақ орамалға тірелсе шешеміз. Қазір шешіп тастаймыз. Қажет болса гамажын шешемін", - деді əкесі Марат Сəдуов.
Ашуланған əкені сабырға шақырған мектеп директоры оған балаларының шашы толық өскенше бірінші қаңтарға дейін уақыт берді.
"Біз бес рет құқықтық кеңес өткізіп тұрмыз. Кейбір ата-аналарымыз келмейді. Мектепте орамал тағатын 11 оқушы болды. Қазір олардың үшеуі шешті. Қалғандары балаларымыз орамал тағуға үйреніп қалды, жасөспірім жасқа жеткенде орамал таққысы келмей қалады деп отыр. Біз енді барлық мəліметті жауапты орындарға жібереміз. Сіз қыздарыңыздың жағдайын бізге айтуларыңыз керек еді. Сізге бірінші қаңтарға дейін уақыт береміз", - деді мектеп директоры Абзал Тəжімішев.
Балалардың əкесі журналистерге қыздарының орамалын қазір шешкізетінін айтып, үйіне ертіп апарды. Ол есік алдына балаларын кезек кезек шығарып, орамалдарын шешуді талап етті. Əкесінің даусынан шошып қалған балалардың "əке кешірші" деген сөзіне де құлақ асқан жоқ.
"Шығыңдар, шешіңдер. Ертең маған айыппұл салады. Үйде онсыз да ақша жоқ", - деген балалардың əкесі барлық қызының орамалын шешіп тастады.
Тағы оқыңыздар:
Кеше ғана қызметінен кеткен Әбдірахымов әріптестерінен кешірім сұрады (фото)
Қырғызстан Қазақстаннан ұн әкелуге тыйым салды
Оралда жатақханада студент қыз асылып қалды
БҚО-да ішіп алып, жұмысшыларға балағат сөз жаудырған әкім қызметінен кетті (видео, фото)
Әкесі тыйым салса да, Хэллоуинді тойлаған Каримовтың қызы елдің ашуына тиді (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1664410-aqtobede-balalarynynh-shashyn-taqyrlap/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.