Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Келбеті көркем, келешегі кемел Қызылорданың бүгінгі жай - күйі қандай?

Опубликовано:

Алаштың анасы атанған Сыр елінің бас шаһары – Қызылорданың бүгінде ажары асып, дәулеті тасуда. Көркіне күн тамсанған бас шаһар күн сайын жасара, жасана түсуде.  Тынысы кеңейіп, тұрмысы түзелген, алғашқы алаш астаналарының бірі Қызылорда бүгінде жаңа мүмкіндіктер мекеніне айналды деп хабарлайды NUR.KZ.

Сырдария өзенінің 76 шақырымын бойлаған 2,4 мың шақырымдық аумақтағы байырғы қала Қызылордада қазіргі уақытта 300 мыңға жуық тұрғын тұрмыс кешуде.

Сұлу Сырдың бойында бір қала бар...

Жайқалған жасыл желегі...

Қала көшелеріне заманауи автобустар сән береді.

Қала тұрғындарының қоғамдық көлікке деген сұранысын қанағаттандыру және қаладағы көлік қатынасын дамыту мақсатында жалпы аумағы 5 гектар жерді құрайтын сыйымдылығы 200 заманауи автобустарға арналған жаңа үлгідегі автобус паркі пайдалануға берілді.

ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ

Қалада жол жөндеу жұмыстары ең маңызды жобалардың біріне айналған. Соңғы 4 жылда Қызылорда қаласында жол құрылысын дамытуға 23 млрд. теңгеден астам қаржы тартылып, 500 шақырымнан астам жолдар орташа, күрделі жөндеуден және қайта жаңғыртудан өтті. Оның ішінде, қаланың шет аймақтарынан 37 көше жөнделді. 1 млрд. 550 млн. теңгеге ұзындығы 150 шақырымды құрайтын 39 көшеге жаяу жүргіншілер жолдары салынып, 1 млрд. 357 млн. теңгеге ұзындығы 144 шақырымдық 94 көшеге жарық бағаналары орнатылған.

Сонымен қатар, 72 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаішілік жолдары мен автотұрақтары жөнделген.

2017 жылы қала көлемінде 2 млрд. 886 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 88,8 шақырымды құрайтын 134 көшеге орташа, ағымдағы, күрделі және қайта жаңғырту жұмыстары жасалуда.

1 млрд. 426 млн. теңгеге қала орталығындағы ұзындығы 5,8 шақырымды құрайтын Қорқыт ата көшесіне Қазыбек би көшесіне жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, көше бойымен 11,7 шақырым жаяу жүргіншілер жолы, 4,4 шақырым болатын 156 дана түнгі жарық бағаналары, 19 аялдама және екі бетіне барлық талаптарға сай суағар қарастырылды.

Қызылорда – рухани орда! Салауаттылық салтанат құрған мекен. Соңғы 4 жылдың өзінде қалада 67 спорттық ойын алаңдары салынып, биылғы жылы қала бойынша 20 дана спорттық-жаттығу алаңдары пайдалануға берілді. Алаңдар соңғы үлгідегі, заманауи талаптарға сай спорттық-жаттығу алаңында веложаттығу, кермеше, брусья, түрлі күштік жаттықтырғыш құралдарымен қамтамасыз етілген. Жанға жайлы, шуақты шаһар.

Қызылорда қаласында 52 аллеялар мен скверлер болса, олардың аумақтарына жыл көлемінде мыңдаған көшеттер мен гүлзарлар отырғызылады.

Қаланың әсем келбетін айшықтайтын түрлі архитектуралық формалар орналастырылып, жаңа демалыс орындары мен саябақтар салынуда.

Қала бойынша апатты жағдайдағы үйлердің тұрғындары 100 пайыз жаңа пәтерлермен қамтамасыз етіліп, Қызылорда қаласында апатты жағдайдағы үйлердің мәселесі толық шешілген.

2017 жылы Қызылорда қаласында барлығы 230 мың шаршы метр болатын 2 мың 971 пәтерлік 61 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде.

Сырдария өзенінің сол жағалауын игеру Қызылорда қаласының бас жоспарына сәйкес жүзеге асуда.

2017 жылдың мамыр айынан бастап Сырдария өзенінің сол жағалауынан 5 қабатты 18 тұрғын үйдің және 320 орындық балабақшаның, шілде айынан бастап «Болашақ» университетінің студенттер қалашығы, жастар орталығы, Қазақ Орталық Атқару Комитеті мұражайы ғимараттары салынуда.

Келесі жылы осы аумақта «100 келушіге арналған емханасымен қоса 300 төсектік көпсалалы облыстық аурухана», «Неке сарайы», 600 орындық мектеп, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 500 келушіге арналған емхананың құрылысын салу қолға алынуда.

Сол жағалаудағы жаңа қаланың салтанатты тұсау кесері Қызылорда қаласының келер жылы аталып өтілетін 200 жылдық мерейтойына жоспарланған.

 Тағы оқыңыздар: 

Алтын Орда базарының маңындағы көпірден бойжеткен секіріп кетті (видео)

Атырауда жүкті әйел сәбиімен бірге көз жұмды

Ондаған шенеунік Челябинскіде Назарбаев пен Путинді қалай күтіп алды?

Қария ұлын өлтірген қылмыскерді бауырына басып, кешірім берді (фото)

Қырғыз бизнесмені Қадыровқа "Алланы" сыйға тартты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1673788-kelbeti-korkem-keleshegi-kemel-qyzylo/

pixel