Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі Сары әулие еліміздегі талай министрдің жолын ашып бергенін айтып мақтанды (фото)

Опубликовано:

90 жылдардан бері қазаққа «екінші Кашпировский» ретінде танылған Сары әулиенің ел білмейтін қыры мен сыры жетерлік. Төрт әйел алып, 23 бала сүйген халық емшісі NUR.KZ порталына эксклюзивті сұқбат беріп, отбасылық және жеке сырымен бөлісті. Жаңа жыл қарсаңында ғана қоғам қайраткері атанып, «Ел бірлігі» медалімен марапатталған емші қазір уақытша демалыста жүр екен.

Сары әулие. Фото: NUR.KZ.
Сары әулие. Фото: NUR.KZ.: UGC

«Қазір ешкімді қабылдап жатқаным жоқ. Айдың аяғына дейін демалып, Астана қаласына жолға шығамын. Емделуші көп болғандықтан апталап әр қалада сеанс жүргізуге тура келеді» ,- дейді Марат қажы Исенбаев.

Сары әулие халықпен жүздескен сәті.Фото: NUR.KZ.
Сары әулие халықпен жүздескен сәті.Фото: NUR.KZ.: UGC

Жыл сайын 200 қазақстандықты құлан таза дерттен арылтамын деген емші, өзіне кедейлердің келмейтінін мойындап отыр.

«Маған өзі кедейлер келмейді, себебі олар көп ауырмайды. Менің еміме мұқтаждардың көбісі -қалтасы қалыңдар. Яғни, байлар аз қозғалып, мимен көп жұмыс істейтіндіктен жиі дертке шалдығады.

Сары әулие сұхбат барысында. Фото: Петр Карандашов.
Сары әулие сұхбат барысында. Фото: Петр Карандашов.: UGC

Мен оларға екі күндік курс ем жүргіземін. Оның құны - 2000 АҚШ доллар. Жалпы инфекциямен ауырғандар мен соңғы сатыдағы онкологиялық дертті ғана емдемеймін. Рактың алғашқы сатысынан бастап, күйзеліс, белсіздік пен бедеулікке шалдыққандарды қабылдап, құран сүресі мен био өріс арқылы екі күнде ауруынан арылтамын» ,- дейді Сары әулие.

Сары әулиенің ем жүргізу сәті. Фото: NUR.KZ.
Сары әулиенің ем жүргізу сәті. Фото: NUR.KZ.: UGC

Төрт рет шаңырақ көтерген қажы енді әйел алмайтынын айтты.

"Әйелдерім мен балаларымның барлығын асырап, тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Жалпы мен төрт әйеліммен де заңды некем жоқ. Барлығымен шариғат заңы бойынша мешітте неке қидыртқанмын. Бәйбішем Закираның жасы 46-да, Астанада тұрады. Қазір мен кенже әйелім Гулиярамен тұрып жатырмын. Олар бір-бірімен тақаспайды, апалы-сіңілі болып араласады.

Сары әулиенің бәйбішесі Закира мен кенже тоқалы Гулияр. Фото: NUR.KZ.
Сары әулиенің бәйбішесі Закира мен кенже тоқалы Гулияр. Фото: NUR.KZ.: UGC

Үлкен мереке кезінде барлығымыз бас қосып тұрамыз. Төртінші рет қайта үйленбейтін шығармын. Себебі кенже тоқалымның жасы небары 21-ге енді толды», - деп күлді Сары әулие.

Осы уақытқа дейін бір миллион доллардың қайрымдылығын жасадым

«Мен жасаған жақсылығымды көпшілікке мақтанып айта бермеймін. 1989 жылдан бері жетім-жесірлерге бір миллион доллардың қаржысынан аса қайрымдылық жасадым. Әлі де табысымнан кедейлерге бөліп беріп келемін. Осы уақытқа дейін әлемнің әр түкпіренде сеанс жүргізіп, 10 миллион адамды ауруынан айықтырдым. Оның ішінде тіпті Нигерия президентінің ұлы да бар» ,- дейді Марат Исенбаев.

Сары әулие қос қызымен. Фото: NUR.KZ.
Сары әулие қос қызымен. Фото: NUR.KZ.: UGC

Сары әулие алаңға мыңдап ел жинап, аты шарықтаған 90 жылдардағы кезін сағынбайтынын айтады. «Биліктегілер менің атақ-даңқымды көре алмады, сол үшін жолымды жапты» деген ол талай саясаткерлермен дос екенін жасырмады.

Сары әулиенің "Ел бірлігі" медалімен марапатталған сәті. Фото: NUR.KZ.
Сары әулиенің "Ел бірлігі" медалімен марапатталған сәті. Фото: NUR.KZ.: UGC

«Менің қабылдауыма облыс, қала әкімдері мен министрлер, депутаттар жиі жазылады. Кейде мен олардың үйіне барып немесе олар маған келіп ем жасаймын. Көбінесе ол кісілер маған ішкі дертімен күресу үшін келеді. Барлығының айтатыны «жолымды ашып берші, тағымды, бағымды сақта!». Отырған қызметін місе тұтпай, тағы да жоғары лауазымға ие болғысы келеді. Талайымен дос болып әлі күнге жақсы араласамын» ,- деп мақтанды Марат қажы.

Сары әулиенің 23 баласы Сұлтана. Фото: NUR.KZ.
Сары әулиенің 23 баласы Сұлтана. Фото: NUR.KZ.: UGC

Сары әулие 56 жасқа келсе де өзін жас көрінетінін жеке басының тазалығымен, әйелдерінің көзіне шөп салмайтындығымен байланыстарады.

Марат қажының үші әйелі Ақмарал, Закира және Гулияра. Фото: NUR.KZ.
Марат қажының үші әйелі Ақмарал, Закира және Гулияра. Фото: NUR.KZ.: UGC

23 ұрпақтың әкесі болған ол ешбір баласы жолын қумағанын айтты. Ал ішінде тоғыз айға енді толған «Сұлтана» есімді қызын ерекше көретінін айтып, келер жылы тағы да сәбилі болу мүмкін екенін жасырмады.

Материал ҚР заңнамасымен қорғалған, көшіріп басуға редакция тыйым салады!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1710862-jgili-sary-ulie-elimizdegi-talaj-ministrdi-zolyn-asyp-bergenin-ajtyp-maktandy-foto/

pixel