Ақтөбелік оқушы ата-анасының қарсылығына қарамай, орамалын шешті
Жарияланған күні:
Ақтөбеде балиғат жасына толған үздік оқушы орамалын шешіп, мектеп формасына көшті деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
Оқушының анасы балиғат жасына толған қызының білім алуына кедергі келтіре алмайтынан жеткізген.
Ақтөбе облысында дін жолында жүрген ата-аналармен мектеп формасына қатысты түсіндіру жұмыстары күшейтілді. Облыстық дін істер басқармасының басшысы жұмыстың нәтижелі екенін де хабарлады.
«Кеше ғана Мұғалжар ауданында бір ата-ана қызына мектеп формасын кигізді. «Балам өте жақсы оқитын еді. Мен баламның біліміне кедергі келтіргім келмейді. Балиғат жасына толса да баламның білім алуы міндетті екенін түсіндім» деді. Сол ата-ананың баласы күні бүгіннен бастап сабаққа мектеп формасымен қатысып жүр. Ол баланың жасы 15-ке толған», - дейді облыстық дін істер басқармасының басшысы Жолдас Қалмағанбетов.
Дін өкілдері мұндай нәтижеге түсіндіру жұмыстары кезінде қол жеткізген.
«Облыстық дін істер басқармасы тарапынан мектеп формасына қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін екі күн іс сапарда болдым. Алға ауданында 20-ға жуық, Мұғалжар ауданында 35-ке жуық азамат және азаматшалармен кездестік. Ата-аналарды мектептің ішкі тәртібіне бағынуға шақырдық»,-деді Жолдас Қалмағанбетов.
Ақтөбе облысында сабаққа орамалмен келіп жүрген жүзден аса оқушы мектеп формасына көшкен. Мектеп формасын сақтамай отырған оқушылардың саны Алға, Мұғалжар, Темір аудандарында көп.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1711773-aktbelik-okusy-ata-anasyny-karsylygyna-karamaj-oramalyn-sesti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.