jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

"Наурызға дейін тұра ма?": Астананың қақ ортасындағы жаңа жылдық шырша әлі алынбаған

: UGC

Елордалықтар қаланың қақ ортасында орналасқан шыршаның әлі күнге дейін алынбаған айтып, күйінді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Наурызға дейін тұра ма?: Астанада қаланың қақ ортасынан әлі күнге дейін алынбаған шырша тұрғындардың күлкісін келтірді
Наурызға дейін тұра ма?: Астанада қаланың қақ ортасынан әлі күнге дейін алынбаған шырша тұрғындардың күлкісін келтірді: UGC

Астанадағы «Керуен» сауда орталығы алдынды бой көтерген мына шыршаны жергілікті әкімдік алып тастауға асығатын емес. Жаңа жылдың алдында құрылған шыршаның сәні кеткелі қашан дейді шаһар тұрғындары.

«Әр нәрсе өз уақытында қызық қой, сол сияқты шырша мен жаңа жылдың уақыты өткелі қашан? Негізі, мына алаң неше жылдан бері бос жатқан, биыл әкімдік мұз айдынын төсеп, халыққа жарамды, пайдасы бар дүниені жасады, оған ешқандай қарсылығымыз жоқ, тек мына шыршаның әлі күнге дейін жиналмағаны ұят енді... Наурызға дейін тұра ма сонда?»,-деп әзілдеді елордалық Қайрат есімді тұрғын.
Наурызға дейін тұра ма?: Астанада қаланың қақ ортасынан әлі күнге дейін алынбаған шырша тұрғындардың күлкісін келтірді
Наурызға дейін тұра ма?: Астанада қаланың қақ ортасынан әлі күнге дейін алынбаған шырша тұрғындардың күлкісін келтірді: UGC

Десе де, шырша мен мұз айдынының қызығын жас жеткіншектер мен балалар көруде. Жас ана Ляззат Айбар жасыл шыршаның ешкімге бөгет жасамайтынын, керісінше, қала тұрғындарының жиі келіп, демалатын орынға айналғанын айтты.

Наурызға дейін тұра ма?: Астанада қаланың қақ ортасынан әлі күнге дейін алынбаған шырша тұрғындардың күлкісін келтірді
Наурызға дейін тұра ма?: Астанада қаланың қақ ортасынан әлі күнге дейін алынбаған шырша тұрғындардың күлкісін келтірді: UGC
«Шырша ешкімге бөгет емес, тұра берсін, онда тұрған не бар? Көктемге дейін әлі екі апта бар, әйтеуір бір күні жиналар. Бізге, мысалы, осы маңда тұратын тұрғындарға бұл жер – балалармен демалатын таптырмас орынға айналды. Қаланың шетінде орналасқан «ЭКСПО» жақтағы мұз қалашығы бізден едәуір алыс, сондықтан, осындай алаңдар көп болса, құба-құп»,-деп ағынан жарылды қала тұрғыны.

"Наурызға дейін тұра ма?": Астананың қақ ортасындағы жаңа жылдық шырша әлі алынбаған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.