Алматыда 17 жастағы студент қыз жоғалып кетті
Опубликовано:
Алматыда 17 жастағы студент қыз Тамина Эльдарованы жақындары жанұшыра іздеп жүр. Бойжеткен 12 ақпан күні хабарсыз кеткен деп хабарлайды NUR.KZ.
![Алматыда 17 жастағы студент қыз жоғалып кетті Алматыда 17 жастағы студент қыз жоғалып кетті](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx7h46r6d9j0m.jpeg)
Жоғалып кеткен қыздың ағасының айтуынша, оны соңғы рет екі күн бұрын ҚазҰМУ маңынан көрген.
Жақындары полицияға хабар беріп, бойжеткенді жанұшыра іздеп жатыр. 1 курс студенті көк джинс шалбар, жасыл күртеше мен қара угги киген.
![Алматыда 17 жастағы студент қыз жоғалып кетті Алматыда 17 жастағы студент қыз жоғалып кетті](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx5gvlioi2rkc.jpeg)
"Бойжеткен туралы қандай да бір хабар бере алатындардан келесі нөмірге хабарласуды сұраймыз: +7 707 375 3094, +8 775 907 97 97 немесе 102», - дейді Таминаның жақындары.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1716983-almatyda-17-zastagy-student-kyz-zogalyp-ketti/