jitsu gif branding logo appbranding logo app

Елімізде жетімдер үйіндегі бала саны 60 пайызға азайған

: UGC

Соңғы сегіз жыл ішінде Қазақстандағы балалар үйінің саны 213-тен 137-ге дейін, яғни 35 пайызға қысқарды. Ал жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатқан балалардың саны 15 мыңнан 6 мыңға дейін қысқарған деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Елімізде жетімдер үйіндегі бала саны 60 пайызға азайған
Елімізде жетімдер үйіндегі бала саны 60 пайызға азайған: UGC

Мемлекет басшысы жетім балалардың құқығын қорғау үшін отбасы құрылым түрлерін кеңейту практикасы бойынша құқықтық механизм қалыптастыруды тапсырған болатын. Соның нәтижесінде 2009-2017 жылдар аралығында жетімдер үйінің тәрбиеленушілері 60 пайызға қысқарды.

2017 жылы 22 бала асыраушы отбасы пайда болып, заңды түрде бекітілді және мемлекет тарапынан отбасылық құрылымның асырап алу, патронаттық тәрбие, қамқоршылыққа алу және бала асырап алушы отбасы сияқты төрт түрі де мемлекет тарапынан материалдық тұрғыда ынталандырылды.

Жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған банк іске қосылды. Өткен жылы банк арқылы 394 бала өз отбасын тауып, 2437 бала қамқоршылыққа, ал 219 бала патронаттық тәрбиеге берілді.

Сондай-ақ, 2017 жылы өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдауға арналған Орталық құрылды. Оның жетімдер үйінен айырмашылығы, бала кез келген жағдайда жан-жақты әлеуметтік көмек түрлерін ала алады.

Аталған Орталық баланың биологиялық отбасында тәрбие алып, қалыптасуына көмектесуді мақсат тұтады.

2016 жылы Білім және ғылым министрлігі мен «Отбасылық Академия», «Жанұя», «Ана үйі» қоғамдық қорының бірлесуімен Алматы, Астана қалаларында отбасыны қолдау Орталықтары ашылды.

Елімізде жетімдер үйіндегі бала саны 60 пайызға азайған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.