Назарбаев латын қарпіндегі қазақ әліпбиіне өзгеріс енгізді
Опубликовано:
Қазақстан президенті «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» жарлығына өзгеріс енгізді деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ
![Назарбаев латын әліпбиіне өзгеріс енгізді Назарбаев латын әліпбиіне өзгеріс енгізді](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudxn4af1onqnb.jpeg)
«Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, № 50-51-52, 326-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген ресми хабарламда.
![Назарбаев латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын бекітті Назарбаев латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын бекітті](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx5tergju4905.jpeg)
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1717797-nazarbaev-latyn-karpindegi-kazak-lipbiine-zgeris-engizdi/