Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелі шетелдікке тұрмысқа шығып кеткен қызылордалық жігіт елге мұңын шақты

Жарияланған күні:

Қызылорда қаласының 35 жастағы тұрғыны өзіне әйел іздеп жүргенін айтып, елге жар салды. Оның айтуынша, лауазымды қызметте жұмыс істеген жұбайы оны тастап, шетелдікпен шаңырақ көтерген деп хабарлайды NUR.KZ.

Әйелі шетелдікке тұрмысқа шығып кеткен қызылордалық жігіт елге мұңын шақты
Көрнекі фото: UGC

Қызылордалық жігіт өзінің өмірі туралы Instagram желісіндегі пабликтердің бірінде жазған.

Өзіне желіден жар іздеген жігіт тағдырдың тәлкегіне ұшыраған әйелдермен шаңырақ көтергісі келетінін айтты.

"Өзім Қызылорда қаласынан боламын, жасым 35-тен асқан. Ажырасқанмын, балам жоқ, бала тұрақтамады əйелім түсіріп ала берді. Əйелім мұнай саласында жоғарғы лауазымды қызметкер болып жұмыс істейтін, қазір шетелдік азаматқа тұрмысқа шығып, шетелде тұрады. Онымен еш байланысым жоқ. Əке-шешеммен бірге тұрамын, үйім, жұмысым бар. Темекі, насыбай, ішімдікке əуестігім жоқ, дəретпен жүремін, ораза тұтамын жылда. Мінезім қарапайым, қолымнан көп нəрсе келеді, жоғарғы білімім бар. Қызылорда қаласында тұратын ажырасқан жас келіншектер болса, бір қызымен болса да немесе күйеуінің кінəсінен бала көтере алмай ажырасқандар болса, алданып қалған қыздар болса танысқым келеді. Жас шамасы 35-ке дейін болса. Лажы болса Қызылорда қаласында тұратын болса. Бар айтарым осы, сөздерімде артық кеткен жерлерім болса айыпқа бұйырмаңыздар", - деп жазған ол.

Қызылордалық жігіттің бұл ұсынысына бей-жай қарамаған қыз-келіншектер аз болған жоқ. Олар онымен танысып-біліскісі келетіндерін айтып, пікір қалдырған.

Назар аударыңыз! NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережесі өзгертілді. Өз пікіріңізді білдіру үшін тіркеліңіз. Оны қалай жасау керектігін мына жерден көре аласыз>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1718206-jeli-seteldikke-trmyska-sygyp-ketken-kyzylordalyk-zigit-elge-myn-sakty/