Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отбасылы адаммен көңіл қосып, әйелінің киімін киіп алған көңілдесі елді шулатты (фото)

Жарияланған күні:

Отбасылы адаммен көңіл қосып, оның әйелінің киімін киіп алып, жатын бөлмеде суретке түскен бойжеткен желіні шулатты деп хабарлайды ernur.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Отбасылы адаммен көңілдес болып, әйелінің киімін киіп алған бойжеткеннің масқарасы шықты
Отбасылы адаммен көңілдес болып, әйелінің киімін киіп алған бойжеткеннің масқарасы шықты: UGC

Желіде жолдасының ашынасын әлеуметтік желі арқылы тауып, оның масқарасын шығарған әйел адамның жазбасы тарап кетті. Ernur.kz басылымының мәліметінше, Оңтүстік-Урал Мемлекеттік университетінің оқытушысы өзінің шәкіртімен бірге болып, әйелінің көзіне шөп салған. Өкініштісі, аталған әрекеттерін «қос ғашық», тіпті, жасыруға асықпаған.

Отбасылы адаммен көңілдес болып, әйелінің киімін киіп алған бойжеткеннің масқарасы шықты
Отбасылы адаммен көңілдес болып, әйелінің киімін киіп алған бойжеткеннің масқарасы шықты: UGC

Сорақысы сол, бойжеткен отбасылы жігіттің әйелінің киімін киіп алып, оны, тіпті, әлеуметтік желіге салып үлгерген. Сондай-ақ, ол ерлі-зайыптылардың жатын бөлмесінде түскен суретті де өз парақшасына жүктеп қойған. Мұны байқап қойған оқытушының жұбайы бұл оқиғаға көз жұма қарай алмай, Instagram-дағы өз парақшасында жазба қалдырған.

«Достар, сізден сұрайын деп едім, жолдасымның көңілдесі менің киімімді киіп алып, желіге сурет жүктеп қойған. Онымен қоймай, арсыз бойжеткен ол суретте біздің жатын бөлмеде, кішкентайымыздың бесігінің жанында тұр. Бұл сіздер үшін, қалыпты жағдай ма? Сонымен бірге, олар мен жүкті болғанға дейін де кездесіп жүріпті.
Жолдасым еш қымсынбастан онымен кездесіп жүргендеріне бір жарым жыл болғанын жайып салды. Ол да әлеуметтік желіге саябақта жүрген суретін жүктеп қойған. Ал, бір суретте үйдегі мысығымызбен бірге суретке түскен. Сіздерге айтарым, өзінің киімі жоқ болса, көңілдесіне киімге ақша жинап берейікші!»,-деп жазба қалдырған ашынған әйел.
Отбасылы адаммен көңілдес болып, әйелінің киімін киіп алған бойжеткеннің масқарасы шықты
Отбасылы адаммен көңілдес болып, әйелінің киімін киіп алған бойжеткеннің масқарасы шықты: UGC

Аталған жазбадан кейін, әйелі желідегі парақшасын бұғаттап тастаса, студент қыз да өз парақшасын өшіріп тастаған.

Айта кетерлігі, ұстаздың келіншегі де бұған дейін оның студенті болған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1723791-otbasyly-adammen-kil-kosyp-jelini-kiimin-kiip-algan-kildesi-eldi-sulatty-foto/