Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Енемді атымен атаймын": Оралдық келін өзінің рахат өмірі туралы айтып берді

Жарияланған күні:

Батыс пен шығыс мәдениетін тоғыстырған Орал қаласында екі жақтың дәстүрлері де араласып кеткен. Сондықтан, бұл өңірде болып көрмегендер үшін таңғаларлық, қызықты жағдайлар өте көп. Оралдық келін ата-енесімен бірге тұрып, достық қарым-қатынасты қалай сақтап жүргендерін ашып айтты деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

36 жастағы Бейбігүл 12 жылдан бері шаңырақ көтерген жары Маратпен ата-енесінің қолында тұрады. Себебі, жұбайы үйдің кенже ұлы екен.

"Біз үйленген соң үш бөлмелі пәтер алып, оның жөндеу жұмыстарын да жасатып қойғанбыз. Бірақ ата-анамыздан бөлек кеткіміз келмеді.

Үйдегі менің басты міндетім - екі баланы тәрбиелеу. Оларды мектепке, түрлі үйірмелерге алып барамын. Егер күйеуіммен немесе өзім жеке бір жерге шыққым келсе, енем балаларды қуана алып қалады.

Үйдегі жұмыстарды да енеммен бірге істейміз. Оны жинап шығу менің мойнымда. Бірақ тамақты енем істеп, тіпті барлығымызға шайды да өзі құйып береді", - дейді Бибігүл.

Айтуынша, олардың шаңырағына келген шымкенттіктер қатты таңғалады екен. Тіпті, өзін ұялтып тастауға тырысып, түрлі сөздер айтқандары да болыпты. Алайда енесі оларға келінін қызындай көретінін айтып, жақсылап өзі жауап беретін көрінеді.

"Менен басқа енемнің екі келіні бар. Олар қыдыратын болса, енем барып, балаларын қарап отырады.

Ал оңтүстікте келінді үйдегі жұмысшы ретінде, өзінің ойы жоқ адам сияқты көруге қалыптасып қалған. Ал менің тіпті, Оралдың шет жағындағы ауылдарда тұратын құрбыларымның да енесі өте түсінігі мол жандар.

Мен қыз туғанымда, оның есімін Анжелика деп қойғым келді. Бірақ ата-енем қарсы болатын шығар деп ойлағанмын. Бір қызығы, олар мені толық қолдап, мен таңдаған есімді қойдық", - деп ақтарылды келіншек.

Бибігүлдің сөзінше, ол ата-енесіне "әке, ана" деген сөздерді айтпайды екен.

"Енемді атымен атаймын, атамды аты мен тегін қосып айтамын. Өзімнің анам "сені өсірмеген адамдарды әке-ана деп атасаң, қатты ренжиміз" деп, бірден кесіп айтқан.

Енем - құрбым, атам - ағам сияқты. Тіпті, күйеуім маған қарсы шықса, оған ұрсып береді. Еркектің міндеті - әйелін бақытты ету деп санайды олар", - деген Бибігүл олардан ешқашан бөлек кетпеймін деп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1724325-enemdi-atymen-atajmyn-oraldyk-kelin-zini-rahat-miri-turaly-ajtyp-berdi/