jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
АЖ
Айжан Жолдасбаева
Бұрынғы қызметкер

Қызылорда: Бір ауланың ішінде 50 әжетханасы бар тұрғындардың жағдайы жұртты шошытты (фото)

: UGC

NUR.KZ порталының 8 747 535 12 98 WhatsApp нөміріне Қызылорда қаласы, Шанхай ауданындағы бес қабатты үйдің тұрғындары хабарласып, адам шошырлық жағдайда өмір сүріп жатқандарын жеткізді. Жергілікті биліктен көмек күтіп шаршағандар қайда барып паналарын білмей отыр.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Бауыржан Момышұлы көшесіндегі 76-үй бұрындары жатақхана болған екен. Қалада өмір сүріп жатқан аты болмаса, мұндағы тұрғындар даладағы әжетханаға барып, суды да даладан тасып ішеді.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC
"Далада шүмектен ағып тұрған суға жұрт кірін де жуады, жазда тіпті, сол жерде жуынып жатады. Газ кірмеген, әжетхана кірмеген. Осындағы 50 үйге айналамызда 50 әжетхана бар. Балалар соның арасында, кейде үстіне шығып ойнайды", - деп ашынды тұрғындар.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Айтуларынша, олар жергілікті биліктен көмек күтіп шаршаған. Үйге келіп, жағдаймен танысып кеткені болмаса, әлі күнге дейін ешбір шара қабылдамапты.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC
"Бесінші қабаттағы пәтерден қыс пен көктем мезгілінде су тоқтамай тамып тұрады. Пәтерлер әбден көгерген. Ол аздай, 3-4 жылдан бері қандаламен алысып әлекпіз. Әсіресе, мұндағы кішкентай балаларға обал. Нәрестелерді бесікке салсақ, баланың дымын қалдырмай шағып тастайды", - дейді олар.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Жаман да болса, жалғыз баспанасын жыл сайын қолдарынан келгенше жамап-жапсырып отырған тұрғындар биліктен тағы да үміттене көмек сұрады.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC
"Жыл сайын келіп, модернизациялаймыз деп айтады. Бірақ нәтиже шықпай келеді. Қабырғаларымыз үгітіліп тұр. Осыған көңіл бөліп, бір шешім шығарсаңыздар", - деп өтінді тұрғындар.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызылорда: Бір ауланың ішінде 50 әжетханасы бар тұрғындардың жағдайы жұртты шошытты (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.