jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

Қымбат әшекейлерді қоқысқа тастаған күзетшінің басы бәлеге қалды

: UGC

Астанада зергерлік дүкен күзетшісі қателесіп 2,5 млн тұратын авторлық әшекейлерді қоқысқа тастап жіберген. Оқиға 8 сәуір күні орын алды деп хабарлайды Елорда Инфоға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: russian.alibaba.com
Фото: russian.alibaba.com: UGC

Басынан өткен оқиғаны күзетші өзінің Instagram парақшасында жазып, көпшілікпен бөліскен.

Күзетші Жандос Әмірхановтың айтуынша, оның бауыры қоқысқа арналған жәшік ішіндегісінің бәрін лақтырып, орнына авторлық әшекейлерді салып қойған. Алайда, мұны білмеген Жандос оны қоқыс санап тастап жіберді.

Өз қателігін түсінгеннен кейін қоқыс жәшігіне жүгіре жөнелгенімен кеш қалып қойыпты. Әшекейлер тасталынған орнында болмай шыққан.

Күзетші екі жарым миллиондық әшекейлерді үй-күйі жоқ кезбелер алып кетті деп есептейді.

Дүкеннің басшылығы полицияға арыз түсірсе, Жандос әлеуметтік желіге әшекейлерді тауып алғандарға сыйақы беретіні туралы жазба қалдырды.

Қымбат әшекейлерді қоқысқа тастаған күзетшінің басы бәлеге қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.