jitsu gif

Қызылордаға келін болған атыраулық ару Оңтүстікке қалай үйренгенін айтып берді

: UGC

Атырау тұрғындары шынымен де қатал адамдар ма? Олар жиі қолданатын "не зат" сөзінің түпкі мағынасы қандай? Бұл туралы Қызылордаға келін болған атыраулық ару айтып берді деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі фото: Sputnik Қазақстан
Көрнекі фото: Sputnik Қазақстан: UGC

Батыста өскен Айгүл Қызылордаға келін болып түскенде, ондағы қыздардың ұзату тойын көріп таңғалған.

"Қалыңдық ұзату тойына соншама уақыт дайындалып, онда 1-2 сағат қана отыратыны ақылға сыймайды.

Оған қоса, батыста металдан жасалған бесіктер сан жылдар бойы әулет ұрпағының жалғасып жатқанын білдіріп тұрады. Оны атадан балаға мұра етіп қалдырады. Мысалы бізде ағам мен әпкем, жиендерім жатқан бесік бар. Оған енді менің де балам жатады", - дейді Айгүл.

Келіншектің сөзіне сүйенсек, Қызылордада әр бейсенбі сайын жеті шелпек пісіріп, дүниеден өткен жақындарын еске алады. Ал Атырауда оны жұма күні де өткізе беретін көрінеді.

Соңғы уақытта оның байқаған тағы бір ерекшелігі - жиын-тойларда ән салып, би билеген кішкентайларға Қызылордада ақша ұстататын болған. Дегенмен Атырауда ол бұрыннан келе жатқан дәстүр екен.

Ал "атыраулықтар қатал келеді" деген стереотипке Айгүл келіспейді.

"Біздің халық қатал емес, тек сөйлеу мәнері дөрекі көрінуі мүмкін. Мәселен, Қызылордада "леген" деп атайтын ыдысты біз жақта "табақ" дейді. Енді ғана келін болып түскенімде, жергілікті тұрғындардың "болсай, келсей" дейтін жұмсақ сөздеріне үйрене алмай жүрдім. Атырауда "бол, кел" деп, бұйрық беріп тұрғандай сөйлейді

Атырауда "не зат" деген тіркесті кез келген әңгімеде қоса береді. Мысалы мен "не затына барамыз, не затыңа күлесің және не зат пісіріп отырсың" деп айта беретінмін. Ал мұндағылар маған "зат емес, тамақ пісіріп отырмын" деп жауап беретін.

Уақыт өте келе бұрынғы "нән" деген сөзімді де "дәу, майда" деген сөздермен алмастырдым", - дейді ол.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.