Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырыққа келгенше пәктігін сақтаған қазақстандық әйел жан сырымен бөлісті

Жарияланған күні:

Қазақтан тұрғыны Екатерина 40 жасына дейін пәктігін сақтап келеді. Ол жақында тұрмысқа шығатынын айтып, қуанышты жаңалығымен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Әйел. Көрнекі фото: ivona.bigmir.net
Әйел. Көрнекі фото: ivona.bigmir.net: UGC

Жасы 39-дан асқан әйел бала кезінен бастап қатаң тәртіпте өскенін алға тартты.

"Әке-шешем маған тұрмысқа пәк болып шығудың маңыздылығын бала кезімнен айтып келді... Тіпті әкем менің пәк еместігімді тұрмысқа шықпай жатып білетін болса, менен бас тартатынын айтқан болатын", - дейді Екатерина.

Ол пәктік физикалық тұрғыдан ғана емес, рухани тұрғыдан да сақталуы тиіс екенін айтуда.

"Мен пәктік пердесін қайта қалпына келтіруге болатынын естігенмін. Қыздар осылайша өзінің екінші жартысын алдап келеді. Мұндайға зорланғаннан кейін баратындарды түсінемін. Алайда ер адамға қол жеткізу үшін осылай істейтіндерді құптамаймын", - деп жалғастырды Екатерина.

Екатерина ешуақытта клубтар мен дискотекаларға бармаған, ішіп-шекпеген, тіпті балағат сөздер айтып көрмеген екен.

Ол өмірінде үш жігітпен кездескенін және оларға тұрмысқа шығу ниеті де болғанын жасырмайды.

"Бірінші рет 11 сыныпта алғашқы махаббатымды жолықтырдым... Алайда мектеп бітіргеннен кейін ол төсекке сүйремек болды... Мен онымен айырылысып тындым", - дейді әйел.

Ал 23 жасында 33 жастағы Евгенийді кездестірген Екатерина онымен үш жыл бойы кездесіп келіпті. Евгений оны төсекке сүйремегенімен, үш жылдан кейін өзгені ұнатып, Екатеринаны тастап кеткен.

Бүгінде Екатерина өмірлік махаббатын жолықтырғанын және бақытты екенін айтуда.

"Біз екі жыл кездесіп келеміз. Серігім менен төрт жас кіші. Кәсіпкерлікпен айналысады. Ол бұрын үйленген, баласы бар. Мен ерлі-зайыптының екеуі де пәк болуы керек екенін қалағаныммен, біздің жаста мұның мүмкін еместігін түсінемін", - дейді ол.

Екатерина тамыз айында тұрмысқа шығады. Ол құрбылары оның өмірлік серігін тапқанына әлі күнге дейін сенбейтінін жасырмайды.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1726812-kyrykka-kelgense-pktigin-saktagan-kazakstandyk-jel-zan-syrymen-blisti/