Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еркектер бір әйелді қанағаттандырсын: Бәйбішелер тоқал алуға қарсы шықты

Опубликовано:

NUR.KZ порталының 8 747 535 12 98 WhatsApp нөміріне бір топ әйелдер қауымы хат жолдап азаматтардың екінші әйел алуына қарсылық білдірді. Олар "тоқал мен бәйбішенің дос болуы мүмкін емес" деп санайды екен.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Төменде жарияланған хаттар NUR.KZ порталында 18 сәуір күні жарық көрген "Тоқалды өзім әперемін: Алматылық келіншек замандастарына үндеу тастады" деген мақаласына қатысты пікірлер.

Гүлмира, 32 жаста:

"Екінші әйел алуға рұқсат беру - өте күрделі, саяси-әлеуметтік мәселе. "Берсе қолынан, бермесе жолынан" деген болмайды. Ер азаматтар алдымен өз қарындастарын біреудің екінші немесе үшінші әйелі ретінде елестетіп көрсінші?! Бұл нәрсені ойлайдың өзі әйелдер үшін өте ауыр"

Меруерт, 40 жаста

"Бүгінде еркектер екінші әйелді тек нәпсі үшін алады. Егер жесір қалған, бала-шағасын асырай алмай отырған келіншектерді тоқалдыққа алса, әрине қызғанышты басып, сауапты іс жасауға болады. Ертеректе ата-бабаларымыз "жетімді жалтақтатпайық" деп, екінші әйелді осындай мақсатта алған. Ал қазір еркектер тоқал алса, бәйбішесі туыстарын күтіп, бала-шағаға қарайтын "апаның" рөлінде қалып кетеді"

Жансая, 27 жаста

Мен өзімнің басымнан өткен оқиғаны айтайын. Күйеуіммен үйленген соң 3 бала босандым. Үйде отыра беріп, ақшаны үнемдедік. Ата-енеммен тұратындықтан, олардың жағдайын жасаймын деп, түр-әлпетім де әбіржіп кетті. Уақыт өте келе күйеуімнің маған деген қарым-қатынасы өзгеріп, сезімі суып кеткенін байқадым.

Теледидардан түрлі бағдарламаларды көріп, "әйел өзіне қарауы керек" дегенді жиі естиміз ғой. Содан мен де біраз қалыпқа келейін деп, күйеуімнен сән салонына баратын ақша сұрадым. Жарым болса "сен осылай-ақ сұлусың, маған ұнасаң болды емес пе" деп, тиын да ұстатпады.

Біреулер сыйға берген әтірлерді сепсем, "сасытып не сеуіп алғансың" деп ұрысады. Өзі тіпті, жаныма жақындамайды да. Енді ойланып көріңізші, осының барлығына шыдап жүріп, екінші әйел алуына тағы келіссем, жағдайымыз қалай болады? Онсыз да маған қарамай жүрген күйеуім жас тоқалды көріп, мені мүлдем ұмытады ғой?! Сондықтан мұны жай ғана "әйелдің қызғанышы, өзімшілдігі" деп айта салуға болмайды"

Оразкүл, 38 жаста

"Еркектер алдымен бірінші әйелінің жағдайын жасап, қамқорлығын аямай көрсетсін. Қажетімізге қаражат тауып беріп, түнде қанағаттандыруды да үйренсін. Сонда ғана әйел ешқайда кетпейді, тіпті тоқал келсе де. Сонда ғана бақытты бәйбіше ақылға келіп, тоқалды өзі таңдап әпереді. Әділеттілік болу керек. Тек сонда ғана отбасында береке болады.

Екінші әйелді алып алып, күнде айқай-шу болып жатса, онда өскен балалар болашақта қандай болады?"

Жанат, 29 жаста

"Бәйбіше тоқалдың баласын бақпақ түгілі, бүгінде әжелер де өз немересін баққысы келмейді. Өзімнің енем "балаларыңды мен үшін туған жоқсыңдар" деп айтады. Тағы бір айтатыным, бәйбіше мен тоқал ешқашан дос бола алмайды"

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1727707-erkekter-bir-jeldi-kanagattandyrsyn-bjbiseler-tokal-aluga-karsy-sykty/

pixel