jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Иорданиядағы күйеуіне қонаққа барған қазақстандық келіншек тұтқынға түсті

: UGC

32 жастағы Қазақстан азаматшасы Татьяна Бакер үш ай бұрын балаларымен бірге Иорданияда тұратын азаматтық некедегі күйеуіне қонаққа барады. Алайда күйеуі оның құжатын тартып алып, әйелді еліне жібермей отыр. Бұл туралы NUR.KZ порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: КТК арнасынан скриншот
Фото: КТК арнасынан скриншот: UGC

Әйелдің анасы Валентина Бережнаяның айтуынша, қызы балаларымен бірге Иорданияда күйеуінің тұтқынында отыр. Бүгінде Алматы облысының тұрғыны Иордания азаматымен ресми некеге тұрып, балаларға шетел азаматтығы рәсімделген екен. Олар тіпті мектепке барып жүрген көрінеді.

Фото: КТК арнасынан скриншот
Фото: КТК арнасынан скриншот: UGC

Татьяна еліне оралғысы келгенімен, мүмкіндік болмай отыр.

"Ол отбасының Иорданияда тұрғанын қалады. Ал Татьяна онда тұрғысы келмейді. Еліне оралғысы келетінін айтып, жылап отыр. Балалар да үйіне қайтқысы келеді. Ал ол рұқсат етпей отыр", - дейді Валентина.

Фото: КТК арнасынан скриншот
Фото: КТК арнасынан скриншот: UGC

Қазақстанда жұмыс істеген иорданиялық азаматтан Татьяна Сальсабиль және Таснима есімді екі қызды дүниеге әкеледі. Бүгінде қыздар тоғыз және алты жаста. Бұған дейін талай күйеуіне қонаққа барған әйел ешқандай қиындыққа тап болмаған.

Журналистер Татьянаның өзімен байланысқа шыға алды.

Фото: КТК арнасынан скриншот
Фото: КТК арнасынан скриншот: UGC

"Бәрі жақсы болатын, сол себепті оған сеніп, қонаққа бардық. Оның осылай істейтінін күтпеген едім", - дейді Татьяна.

"Мен мұны балаларым үшін істеп жатырмын... Таняны балаларынан ажырататын ойым жоқ", - дейді Татьянаның күйеуі.

Қазақстан СІМ-і бұл жағдайды дипломаттар өз бақылауына алғанын алға тартты.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Иорданиядағы күйеуіне қонаққа барған қазақстандық келіншек тұтқынға түсті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.