jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Бес баланың анасы атанған орыс қызы қазаққа қалай келін болғанын баяндады

: UGC

Қазаққа келін болған көпбалалы ана Татьяна Юрьевна Қалиева бақытты отбасылық өмірінің құпияларымен бөлісті. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Ерейментау" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жас жұбайлар. Көрнекі фото: vnews.agency
Жас жұбайлар. Көрнекі фото: vnews.agency: UGC

19 жасында тұрмысқа шыққан Татьяна бүгінде бес баланың анасы атанып отыр. Ерейментауда тұратын әйел қазаққа келін болудың қыр-сырымен бөлісті.

"Көпшілік тегімді естігеннен кейін күйеуіңіз қазақ па деп сұрайды. Мен "қазақ" деп жауап берсем, "қазаққа келін болған қалай екен" деген сұрақты жиі естіп жатамын. Шындығын білгілеріңіз келе ме? Қазаққа келін болу мен ойлағаннан әлдеқайда жеңіл болып шықты", - деп әңгімесін бастады Татьяна.

Көпбалалы ана қазаққа келін болатындар күнде бешбармақ әзірлейді деген көқарас жалған екенін алға тартты.

"Мұндай стереотиптің қайдан шыққанын білмеймін. Неге мен қазаққа тұрмысқа шықсам, күнде бешбармақ әзірлеуім керек? Италиялықтар күнде спагетти жеп жатпайды ғой. Менің күйеуім барлық әзірлеген тағамымды сүйсіне жейді. Бешбармақтан бөлек тұшпара, борщ секілді тамақтар әзірлеймін", - дейді әйел.

Татьяна тұрмысқа шығар алдында бірталай қорқынышы болғанын жасырмады.

"Мен тұрмысқа шығарда, көпшілік келіннің түрлі міндеттері туралы әңгімелерімен қорқытатын. "Келін таңғы бестен тұрып, аула сыпыруы, бүкіл үй тіршілігін дөңгелетуі тиіс" деген секілді әңгімелер. Тура күлбике туралы ертегіні еске салады. Тұрмыстық техника заманында үй шаруасы айтарлықтай ауыр емес...", - дейді ол.

Татьяна нағыз шай әзірлеуге қазақтардың ерекше мән беретінін айтуда.

"Қазақша шай әзірлеуге келетін болсақ, бұл күрделі шаруа. Бұл нағыз ғылым, ерекше рәсім деуге болады. Әзірге бұл маған оңай болмауда. Меніңше әр қазақ қызы бұл өнерді анасының сүтінен сіңіріп отырады. Олар кесеге қандай мөлшерде шай құю керектігінен дөп түсіп отырады", - дейді келін.

Отбасын құрғанына 25 жыл толатын Татьяна енесімен де керемет қарым-қатынаста екенін жасырмады.

Раушан Нұрғазинованың материалынан аударылды.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Бес баланың анасы атанған орыс қызы қазаққа қалай келін болғанын баяндады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram