Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана тоқалдардың қаласы: Елорда туралы қызықты 10 дерек қандай?

Опубликовано:

Еліміздің бас қаласы – Астанаға ауысқалы бері ел арасында елорда жайлы түрлі "әңгімелер" тарап кеткен. Олардың бірі бас шаһарды шымкенттіктер жаулап алды десе, енді бірі елорданы шенеуніктер мен "тоқалдардың" қаласы дейді. NUR.KZ порталы Астана жайлы көпшілік арасында кең тараған 10 қызықты деректі назарларыңызға ұсынады.

Коллаж: NUR.KZ
Коллаж: NUR.KZ: UGC

1. Ел өңірлерінің көпшілігі Астананы шенді-шекпенділердің қаласы дейді. Расымен де қаланың сол жағалауына оқта-текте бара қалсаңыз, ақ жейде, қара костюм киген жандарды көп кездестіресіз. Бұл тұрғындардың бәрін – шенеуніктер десеңіз жаңылыспайсыз.

Фото ашық дереккөзден алынды
Фото ашық дереккөзден алынды: UGC

2. Өзге қалалардан келген қонақтар астаналықтарды суық әрі көп сөзге жоқ дейді. Айтуларынша, елордалықтардан тіпті жол-жөнекей амандасып, жөн сұрай қалсаң қысқа жауап қайтаратын көрінеді. Тіпті, тіл қатпаса да таң қалмаңыз, бұл жергілікті халыққа тән қасиет.

Фото ашық дереккөзден алынды
Фото ашық дереккөзден алынды: UGC

3. Астана – батпақ мен балшықтың қаласы. Ел тұрғындарының дені бас қаланы иен далада, саз-балшықтың ортасында салынған қала деген пәлсафаға сенеді. Десе де қаланың жазық әрі суы мол далада бой көтергені ақиқат.

Фото ашық дереккөзден алынды
Фото ашық дереккөзден алынды: UGC

4. Елорда "левый" және "правый" болып екіге бөлінеді. "Сол жағалауда бай-бағландар қос-қос пәтерде өмір сүрсе, оң жағалауда еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастар пәтер жалдап тұрады" деген аңыз бар. Жалпы, көпшілік Астананы жан-жақтан келген қазақстандықтардың қаласы деп біледі.

Фото ашық дереккөзден алынды
Фото ашық дереккөзден алынды: UGC

5. Сондай-ақ, ел тұрғындарының арасында Астананың бәрін шымкенттіктер жаулап алған деген түсінік қалыптасқан. Алайда бұл пікірдің астарында да аз да болса шындық бар. Елордадағы шенді-шекпенділерінен бастап, тіпті таксистердің арасында оңтүстік тумаларын жиі ұшырастырасыз.

Фото ашық дереккөзден алынды
Фото ашық дереккөзден алынды: UGC

6. Елорда – желорда. Қазақстандықтар Астананың қысы қытымыр, жазы ыстық әрі желді қала деп біледі. Олардың ойынша, бас шаһарда жыл он екі ай жел соғып тұрады. Желдің қатты соғатыны соншалық, тіпті, ғаламторда әйгілі "Бәйтеректің" өзінің дауылмен теңселіп тұрған түрлі әзіл-суреттері де бар. Ал, Астананың "масасы" мен "бақасы" тіптен бөлек әңгіме. Ел тұрғындары арасында елорданың масасы жайлы көптеген әзіл әңгімелер тараған.

Фото ашық дереккөзден алынды
Фото ашық дереккөзден алынды: UGC

7. Отандастарымыз Астананы қымбатшылық пен аста-төк байлықтың қаласы деп ойлайды. Олардың пікірінше елордада дүниенің бәрі қымбат: пәтер, үй, азық-түлік, киім, қоғамдық орында тамақтану және т.б.

Фото ашық дереккөзден алынды
Фото ашық дереккөзден алынды: UGC

8. Қазақстандықтардың басым көпшілігі елорданы – тоқалдардың қаласы деп санайды. Ел тұрғындары Астанадағы бай-бағландар мен ауқаттылардың тоқалдары көп деген ойда.

Фото ашық дереккөзден алынды
Фото ашық дереккөзден алынды: UGC

9. Астанада көп бола бермейтін, айына, жылына бір келетін азаматтар қаланың көрікті жерлері мен ғимараттарын олардың ерекше атауымен таниды. Мәселен, Бәйтеректі – "чупа-чупс" десе, "Транспорт Тауэр" ғимаратын – "зажигалка" дейді.

Фото ашық дереккөзден алынды
Фото ашық дереккөзден алынды?: UGC

10. Ел тұрғындары сондай-ақ астаналықтарды жұмысбасты деп ойлайды. Олар елордалықтар таңғы 9-ден кешкі 11-12-ге дейін жұмыс орнында отырады деп сенеді.

Иллюстрациялық фото invur.ru
Иллюстрациялық фото invur.ru: UGC

Ал сіз жоғарыда айтылған қызықты деректермен келісесіз бе?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1730099-astana-tokaldardy-kalasy-elorda-turaly-kyzykty-10-derek-kandaj/

pixel