Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауқатты отбасынан шыққан жігіт 13 жыл отасқан әйелінің опасыздығын жайып салды

Опубликовано:

Өзін Әділ деп таныстырған ер азамат NUR.KZ редакциясына хабарласып басынан өткен ауыр оқиғамен бөлісті. Ол 13 жыл бойы бір шаңырақ астында бақытты өмір кешкен әйелінің ұйыған отбасының берекесін қашырып, көңілдесіне кетіп қалғанын айтты. Азаматша бірнеше жыл бойы күйеуінің көзіне шөп салып, оны алдап келген.

Көңілдесін таңдады: Ер азамат 13 жыл отасқан әйелінің опасыздығы жайлы айтып берді
Көңілдесін таңдады: Ер азамат 13 жыл отасқан әйелінің опасыздығы жайлы айтып берді: UGC

Ауқатты отбасында дүниеге келген Әділ болашақ жарымен Алматы мейрамханаларының бірінде танысып, ғашық болып қалған. Бірте-бірте екі жас таныстығы махаббатқа ұласып, олар үйленуге шешім қабылдайды.

"Алғашқы таныстығымыз кезінде мен 30-да, ал жарым 23 жаста болған еді. Ол менің де, менің анама да өте қатты ұнаған болатын. Үйленер алдында менің жеке пәтерім, қымбат көлігім мен жақсы жұмысым болды", - деп айтты ер азамат.

Ауқатты ортадан шыққан ер азаматтың таңдауы қарапайым ауыл қызына түскен. Бойжеткеннің отбасында өзінен бөлек үш ағасы болды. Үйленуге бел буғаннан кейін, қыз жақ құдалық жасап, арты үлкен тоймен аяқталған.

Бастапқыда Алматыда тұрған отбасы, уақыт өте келе елордаға қоныс аударды.

"Әйелім маған екі ұл мен бір қыз сыйлады. Астанаға көшкелі жағдайымыз да жақсарды. Екі пәтеріміз болды. Жұбайыма жеке бизнесін ашып бердім. Оқыту орталығын сатып алдық", - деп бөлісті Әділ.

Алайда, елордада ең бақытты күндерін өткеріп жатырм деген ер азамат қатты қателескенін бейтаныс әйелден келген электронды хабарламадан кейін түсінді.

Әділге жазған әйел өз үш баласының анасы ұзақ жылдар бойы көзіне шөп салып жүргенін ашып айтқан. Ол өз әйелінің Алматыға жұмыс бабымен емес, көңілдесімен кездесу үшін барғанын біліп қойды.

"Ол менің әйелім мен өз күйеуінің ұзақ жыл бойы көңілдес болғанын айтып, дәлелдеп те берді. Алайда әйеліме деген сезімімнің соншалықты мықты болғандығынан болар, мен оны кешірдім. Бақытты отбасымды сақтап қалуға тырыстым", - деді ер адам.

Татуласып бәрін жаңа парақтан бастауды ұйғарған ерлі-зайыптылар әрекеті алысқа ұзамады. Әйел адам тағы да көңілдесімен сөйлесіп жүргенін білдіртіп қойған. Кезекті жанжал кезінде ер адамның 13 жыл бойы бір шаңырақ астында тұрған сүйіктісі үш баланы алып, кетіп қалды.

Бақытты отбасылық өмірдің шырқын бұзған әйел адамның алғашқы махаббаты болып шықты. Үш баланың анасы енді ажырасу арқасында күйеуінің жарты мүлкін өзіне тартып алмақшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1732007-aukatty-otbasynan-sykkan-zigit-13-zyl-otaskan-jelini-opasyzdygyn-zajyp-saldy/

pixel