Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тұтас бір көшені қазып тастаған басшылар жұрттың ашуына тиді (видео)

Опубликовано:

Алматы қаласы, Алатау ауданының тұрғындары NUR.KZ порталының 8 747 535 12 98 WhatsApp нөміріне видеохабарлама жолдап, тұрғылықты жердегі қиын жағдайларын жеткізді.

Трудовик шағын ауданындағы Озерная көшесін осыдан екі ай бұрын қазып кеткен.

Тұрғындардың сөзіне сүйенсек, адам бойындай тереңдікте қазылған үлкен шұңқырға ешқандай қоршау қойылмаған. Салдарынан оған кішкентай балалар түсіп кеткен оқиға да орын алған екен.

"Бұл жерді неге қазғанын да білмейміз. Ешкім түсіндіріп айтпайды. Не қоршауы жоқ, қазып-қазып кете береді. Түнде балалар түсіп құлайды. Осыған кім жауап береді?", - деп ашынды Азамат Қойшыбаев.

Азаматтың айтуынша, адамдардың өміріне қауіп төндіріп тұрған шұңқырды ең болмаса қоршап қойса деген ниетпен Алатау аудандық әкіміне шағымданған. Алайда одан бері бір ай өтсе де, әкімдіктен еш жауап та, нәтиже де болмапты.

Ал Алатау аудандық әкімдігі Озерная көшесіндегі қауіпті шұңқырдың қоршаусыз жатқанынан бейхабар болып шықты. "Ондайды естімедім" деген сала маманы жақын арада барлығын ретке келтіруге уәде берді.

"Озерная көшесінде энергетика басқармасының тапсырысымен канализация жүргізіліп жатыр. "Электроремонт" мердігер мекемесі атқарып жатқан жобалық жұмыстар маусым айында бітуі керек. Ал ашық жатқан шұңқырды енді естіп тұрмын. Ең жақын уақытта қоршау қоятын боламыз", - деді Алатау аудандық әкімдігі коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Ертіс Бефиров .

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1732553-almatyda-ttas-bir-kseni-kazyp-tastagan-bassylar-zrtty-asuyna-tidi-video/

pixel