Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қойдың басы, бауырсақ, қоспа: Астаналықтар қонақты қалай күтеді? (фото)

Опубликовано:

Еліміздің әр өңірінде тойға қатысты салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптар әр түрлі екенін ескерсек, шаңыраққа қонақ келгенде дастархан жаю ғұрпы да түрліше екенін атап өткен жөн. Бұл ретте әсіресе астаналықтардың қонақ күту дәстүрі ерекше. NUR.KZ порталы солардың кейбіріне тоқталып өтуді жөн көрді.

Коллаж: NUR.KZ
Коллаж: NUR.KZ: UGC

Мәселен, астаналықтар үйге мәртебелі мейман келсе күні бүгінге дейін қой сойып, оның басын сыйлы қонаққа астауға салып тартатын көрінеді.

Фото ашық дереккөзден алынды
Фото ашық дереккөзден алынды: UGC

Ал астаналықтардың әлі күнге дейін домалақ жер үстелде қонақ күтетінін бірі білсе, енді бірі біле бермейді. Бұл дәстүрді әсіресе жергілікті "целиноградтықтар" жиі ұстанады. Жалпы кез келген "Ақмола" тұрғынының үйінде дөңгелек жер үстел болатыны айдан анық.

Фото ашық дереккөзден алынды
Фото ашық дереккөзден алынды: UGC

Сонымен бірге олар дастарханға етті кеспей, күні бүгінге дейін мүшелеп әкеледі. Ал етті турау мәртебесі сол үйге келген қонақтардың ішіндегі жасы егде тартқан ер адамға бұйырады.

Фото ашық дереккөзден алынды
Фото ашық дереккөзден алынды: UGC

Сол сияқты республиканың өзге өңірлерінде талқан, сары май мен қанттан әзірленетін тәттіні "жент" деп атаса, Астанада оны – "қоспа" дейді. Оның женттен айырмашылығы – жұмсақ әрі сұйық болып келетінде. Қоспа да елордалықтардың үйге мейман келгенде дастарханға міндетті түрде қойылатын тағам түрі.

Фото ашық дереккөзден алынды
Фото ашық дереккөзден алынды: UGC

Астаналықтардың бауырсақ пісіру әдісі де ерекше. Олар бауырсақты елдің басқа аймақтарындағыдай төрт бұрышты пішінде әзірлемейді, бұл жақтың бауырсағы – үлпек әрі дөңгелек пішінді болып келеді. Елордалық тұрғындар дәмі тіл үйіретін мұндай бауырсақты келген қонаққа міндетті түрде дәм татқызады.

Фото ашық дереккөзден алынды
Фото ашық дереккөзден алынды: UGC

Бас қаланың тұрғындары дастарханға тіскебасарлар мен қызанақ, қияр мен аскөк сынды көкөністерді әдемілеп кесіп қоюды ұнатады. Ал тіскебасар ретінде "селедка" балығы мен тауық сияқты тағамдарды қояды.

Фото ашық дереккөзден алынды
Фото ашық дереккөзден алынды: UGC

Астаналықтар аптаның жұма күндері шелпек пісіруді де ұмытпайды. Жергілікті тұрғындардың шелпектері жұқа әрі орташа шеңберлі болып келеді.

Фото ашық дереккөзден алынды
Фото ашық дереккөзден алынды: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1733145-kojdy-basy-bauyrsak-kospa-astanalyktar-konakty-kalaj-ktedi-foto/

pixel