Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытай түрмесіне жазықсыз қамалған ер адамның әйелі жанайқайын жеткізді

Опубликовано:

Ғаламтор кеңістігіне көз жасын әрең тия сөйлеген қазақстандық азаматшаның көмек сұраған видеосы тарап кетті. Бейнежазбада Жанар Тіленшиева Қытай асып кеткен жолдасының жеті айдан бері жазықсыз қамауда отырғанын айтқан деп хабарлайды Заманаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: zamana.kz
Фото: zamana.kz: UGC

Екі баланың анасы басына түскен ауыр оқиғамен бөлісіп, оны шешуде мемлекеттің қолдау көрсетуін сұрады.

"Қытайлықтар менің күйеуімді осымен жеті ай бойы негізсіз түрде түрмеде қамап отыр. Олар жолдасымды тіпті не үшін қамағандарын айтпағанымен қоса, онымен хабарласуға тыйым салып отыр", - деп айтты Жанар Тіленшиева.

Белгілі болғандай, Айбол Құрманәлі 1980 жылы 1 ақпанда Құлжа қаласында туылған. Алайда уақыт өте тарихи отанына оралып, қазақ жерінде отбасын құрған ер адам қытайлықтар тарапынан осындай қысымға тап болды.

Екі баланың әкесі Қытайға өткен жылдың 8 қазанда кеткен. Нау­қастанып қалған анасының жағдайын біліп қайт­пақ болған ер азамат ешбір себепсіз 17 қазан күні қамауға алынды.

"Оның қамауда отырғанын біз үш ай өткен соң бір-ақ білдік. Себебі Қы­тайда хабарласуға ты­йым салынған, хабарласпаңдар деп қысым көрсетіп жатыр. Хабарласа қалсақ, бірден жазалайды. Сол себепті еш хабарын біле алмай отырмыз. Жағдайы қалай, денсаулығы сыр берген жоқ па – ол жағынан бейхабармыз", - деп жанайқайын жеткізді әйел.

Оралманға үйленген қазақстандық азаматша енді екі баласының әкесіне қолы жете алмай отыр.

"Екі балам әкесіз, тірі жетімнің күйін кешуде. Тату-тәтті, айрандай ұйып отырған отбасы осылайша екіге бөлініп қалдық
Мен Қазақстан Үкі­ме­тінен, халықаралық ұйым­дардан ешбір кінәсі жоқ адамды тұтқындап, оны жеті ай бойы жазықсыз түрмеде ұстап отырған жағдайға назар аударып, көмек берулерін сұ­раймын», – деді екі баланың анасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1733692-kytaj-trmesine-zazyksyz-kamalgan-er-adamny-jeli-zanajkajyn-zetkizdi/

pixel