Алып егеуқұйрық: Әлемдегі ең ірі жануарлардың таңғажайып суреттері
Жарияланған күні:
Табиғат адамдарды таңғалдырудан жалықпайды. Үш метрлік аю, ұзындығы алты метрге жететін крокодил, тіпті алып егеуқұйрық. NUR.KZ порталы табиғаттағы айрықша тіршілік иелерін ұсынады.
2018 жылдың наурызында Гуадалупе деп аталатын аралдың жағалауын түсіріп жүрген бір топ фотограф ұзындығы алты метрлік акуланы көріп, оны суретке түсіріп алған.
Мына алып анаконданың ұзындығы 5,5 метр болса, салмағы 100 келі тартады. Алайда оның қожайыны анакондадан мүлдем қорықпайтын сияқты.
Нью-Йорк тұрғыны Джим Ковальчик жиырма жыл бұрын кішкентай қоңыр аюды асырап алған. Содан бері "ұлым" деп атайтын аю өсіп, алып жануарға айналды. Қазір оның бойы 3 метр, ал салмағы 635 келі.
Кассиус Клей - бұдан бірнеше жыл бұрын адам ұстап алып, қолға үйреткен қолтырауын. Оның ұзындығы 5,5 метр, ал салмағы бір тонна. Зерттеушілердің айтуынша, оның жасы жүзге келіп қалған.
Шир тұқымды жылқы әлемдегі ең ірі саналады. Бірақ мына Дюк есімді алып жылқы өзінің "туыстарының" жанында да тым үлкен көрінеді. Оның бойы - екі метр 4 сантиметр.
15 метрлік киттің жарнында адам шыбын сияқты кішкентай көрінеді.
Бұл Видор атты құмайдың бойы - 3 метр.
Кит акуласы адамға тиіспейтін акулалар тұқымдасы. Олардың ұзындығы 15 метрге тең.
Бұл теңіз пілінің салмағы үш тонна тартады.
Америкалық мейкуннің ұзындығы 1 метр 30 сантиметр. Ол тіпті өзінің иесімен бірдей десе болады.
Газ қызметкері Джеймс Грин 2016 жылы мынадай алып егеуқұйрықты Лондоннан ұстап алған. Оның ұзындығы 1 метр 20 сантиметрге дейін жетеді.
Карл Шмолински есімді зейнеткер өзі бағып өсірген мына қоянның аты Роджер. Оның салмағы 8,5 келі, ал бойы 74 сантиметрге дейін жетеді.
180 келіге дейін тартатын алып балықтың ең үлкені 1961 жылы Флорида жағажайынан ұсталған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1734000-alyp-egeukjryk-lemdegi-e-iri-zanuarlardy-tagazajyp-suretteri/