jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Мешітті тегін тазалап жүрген қазақ қызына мейірімді жандар көлік сыйлады (фото)

: UGC

Қасиетті Ораза айт мерекесінде Жетісу жұртшылығы мешітті тегін тазалап жүрген келіншекке көлік мінгізді деп хабарлайды 31 арна.

Земфира. 31 арнадан скриншот
Земфира. 31 арнадан скриншот: UGC

Көлік Қадір түнінде садақа ретінде жиналған қаржыға сатып алынды. Құны 700 мың теңге тұратын темір тұлпардың кілті Земфира Нұралбековаға көпшілік алдында табысталды.

Рамазан айында аспаздың қызметін атқарып, аумағы төрт жарым мың шаршы метрлік мешіт ғимаратын біраз уақыттан бері тегін тазалап жүрген әйелге көлік мінгізу туралы идеяны жас қарилар көтерген екен.

Земфира. 31 арнадан скриншот
Земфира. 31 арнадан скриншот: UGC

Бұл осы уақытқа дейін тарауық оқыған қарилар мен мешітте жатып білім алатын шәкірттердің ас-суын қамдап, сауабын алған жанға деген сыйлары болып шықты.

Қадір түнінде өздерінің қызметіне деп жұрт жинаған садақаны түгелімен беруге уағдаласқан қарилардың бастамасын имамдар қолдаған.

Мешіттің тұрақты жамағаты да сауапты іске ортақтасып, қолдарынан келгенше жәрдемдесіпті.

Халықтың разылығына бөленген Земфира Нұралбекованың отбасы Талдықорған шетіндегі ауылда тұрады. Отағасы екеуі үш бала тәрбиелеп отырған ана енді жеке көлігімен мешітке қатынайтын болады.

Земфира. 31 арнадан скриншот
Земфира. 31 арнадан скриншот: UGC

"Осында жатқан имам кісілер бір қуантқысы келген екен. Ол кісілерге Алла разы болсын. Алладан қайтсын, барлықтарыңызға Алла осындай жақсылық нәсіп ете берсін", - дейді көлік иесі.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мешітті тегін тазалап жүрген қазақ қызына мейірімді жандар көлік сыйлады (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.