jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Астаналық ару салондарда массаж жасайтын "жігіттер" туралы бар шындықты жайып салды

: UGC

Астаналық бойжеткен елордадағы сән және спа-салондарындағы массаж жасайтын "ерлер" туралы бар шындықты баяндап берді. Айтуынша мұндай салондарда қызмет ететін "жігіттер" массаж жасаймыз деген желеумен, қыз-келіншектермен төсектес болып, олардың отбасын ойран етеді екен деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото ашық дереккөзден алынды
Фото ашық дереккөзден алынды: UGC

Елордалық Айгүл (авт. бойжеткеннің аты-жөні өзгертілді) есімді бойжеткеннің айтуынша, оның құрбысының басынан дәл осындай жағдай өткен. Ол қаладағы спа-салондардың біріне барып, массаж жасайтын жігіттердің "сұмдық" әрекеттерінің куәсі болған екен.

"Өзімнің жалғыз ұлым бар, құрбыларым да жас отбасылар. Олармен қалаға қыдырып жиі шығатынмын, бірақ спа-салонға бірге барып көрмеппін. Құрбымның айтуы бойынша бірде ол қаладағы қымбат салондардың біріне барған. Сонда көргенін айтқанында жағамды ұстадым. Массаж жасайтын жігіттер отбасылы, үйлі-баранды әйелдермен төсектес болып, олардың отбасын ойран ететін көрінеді. Бастапқыда массаж жасаймыз дейді, кейін сезімге ерік беріп, қалай "жақындасып қойғандарын" білмей қалады екен. Сондай массажист жігіттердің бірі құрбыма да солай жасамақ болған. Бірақ ол жігіттің бетін қайтарып, енді әлгіндей салондарға аяқ баспайтындай күй кешіп отыр", - деп әңгімелеп берді келіншек.

Сонымен бірге ол отбасылы әйелдерге ондай салондарға бармауға кеңес берді.

"Заман бұзылып кеткен, біреумен төсектес болу, сондай күнәға бату қазір қалыпты жағдай болып кеткен. Бұрындары ата-әжелеріміз ешқандай салондарсыз-ақ өмір сүрген ғой? Отбасын сақтап қаламын, үлгілі ана-жар боламын деген келіншектерге ондай жерлерге бармауға кеңес беремін. Себебі, құдай шатастырамын десе өз қолында, сезімге ерік беріп, қалай ағаттық жасап қойғандарын білмей, кейін өкініп жүрген қанша адам бар. Қыз-келіншектерге айтарым, ондай жерден аулақ жүрсеңіздер", - дейді жас ана.

Астаналық ару салондарда массаж жасайтын "жігіттер" туралы бар шындықты жайып салды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.