Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елдегі 200 мың айлықты місе тұтпай, шетелге кеткен қазақ қызы елге оралды

Опубликовано:

Өткен жылдың қарашасында Асылзат есімді Шымкент қаласының тұрғыны құрбысының шақыртуымен Кореяға жұмыс іздеуге аттанған болатын. Алайда өз дегеніне жете алмай, ол елге қайтып келді. Бұл туралы Otyrar.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: Aeroport.kz
Көрнекі фото: Aeroport.kz: UGC

Асылзаттың құрбысы Кореяның бір қаласында мата шығаратын өндірісте жұмыс істейді. Оның айтуынша, ол жақта қыз балалар көп жағдайда қара жұмысты істеп, асханалдарда тазалыққа жауап беретін адам болып қызмет атқарады.

Асылзат досының бір күндік табысын естігенде ойланбай Кореяға аттанған, бірақ оңай табыс табамын деген ниеті орындалмай қалды.

"Бардым. Достарым қарсы алды. Бірақ жұмыс таппай бірнеше ай сонда жаттым. Мен мүмкін жұмыс тоқтаған мезгілде барған шығармын. Қыста жұмыс берушілер саны азаяды екен. Сол себептен бе, жұмыс таба алмадым. 3 айдан кейін елге қайттым. Өйткені бұл жақта айына 200 мыңдай айлық алатын жұмысым бар еді. Дегенмен соны да жеткізе алмай жүретінмін. Бар ойым Кореяда жұмыс істеп, пәтер алуыма ақша жинап қайту болатын. Бәрі мен ойлағандай оңай емес екен. "Барыма шүкірлік етейін" деп қайтып кеттім. Бұрынғы жұмысымды істеп жүрмін. Өзге елде сұлтан болғанша өз елімде ұлтан болғаным артық екен", — дейді ол.

Асылзаттың ол кезде қайтарға қаражаты жеткілікті болған. Кореяға барып, жұмысты да таппай, қайтар жолына қаражат іздестіріп жүргендер көп екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1739419-eldegi-200-my-ajlykty-mise-ttpaj-setelge-ketken-kazak-kyzy-elge-oraldy/

pixel