jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Той алдында пәктігін "жасатып" алатын қыздар Шымкент пен Таразда көп болып шықты

: UGC

Абыройынан айырылып, жасанды пәктік жасатуға жүгінетін қазақстандық қыздардың басым бөлігі Шымкент пен Тараздың тумалары болып шықты деп хабарлайды esil.media сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Той алдында пәктігін "жасатып" алатын қыздар Шымкент пен Таразда көп болып шықты
Той алдында пәктігін "жасатып" алатын қыздар Шымкент пен Таразда көп болып шықты: UGC

Алғашқы неке түнінде сүйген жарының пәк болуы қазақ халқы үшін маңызды рөл атқарады деуге болады.

Осы түні күйеуінің алдында абыройсыз болып қалудан қорқатын бойжеткендер гименопластика, яғни жасанды қыздық салдыруға асығады екен.

22 жылдық тәжірибесі бар маманның айтуынша, былтырғы жылы 70 мың бойжеткен осы отаға жүгініп, өзінің пәктігін қалпына келтірген.

Ал ота көп уақытты алмайтын көрінеді. Гименопластикаға 18 жастан бастап рұқсат етілсе, пәктік 15-20 минутта қалпына келтіріледі.

Мамандардың айтуынша, бұл отаға алданып қалған, зорлық көрген бойжеткендер амалсыз баратын көрінеді.

Тойына аз уақыт қалғанда пәктікті салдырып алатындарға неке түніне дейін ауыр зат көтеруге және жаттығу жасауға болмайды.

Айта кететіні, отаны бірнеше рет жасататын бойжеткендер де бар екен. Білікті дәрігер өз тәжірибесінде бір бойжеткеннің үш рет пәктік салдырғанына куә болған.

Той алдында пәктігін "жасатып" алатын қыздар Шымкент пен Таразда көп болып шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.