Ауыр дертке шалдыққан тоғыз жасар қыз халық көмегіне мұқтаж болып отыр
Жарияланған күні:
Тоғыз жасар Ільяс Кәмила сал ауруының аса ауыр формасына шалдыққан. Ресейлік мамандар жасаған сәтсіз отадан кейін бүлдіршін комаға түсіп, клиникалық өлімді басынан өткерді. Мемлекет тарапынан беріліп жатқан жәрдемақы қыз баланың еміне жеткіліксіз болғандықтан, Кәмиланың отбасы барша халықтан көмек сұрауға мәжбүр деп жазады NUR.KZ.
Кішкентай Кәмила аса ауыр дерт салдарынан мүлде қозғалыссыз қалған. Оны аяққа тұрғызуды арман еткен отбасы арнайы ресейлік дәрігерлердің көмегіне жүгініп қатты өкінді.
2016 жылдың желтоқсанында Кәмилаға жасалынған ота сәтсіз шығып, бүлдіршін клиникалық өлімді басынан өткеріп қана қоймай комаға бір-ақ түскен. Ол бір ай бойы комада жатқан.
Бүгінгі күні тоғыз жасар қыз дерт салдарынан арнайы трубкамен ғана тыныс ала алады. Оған қоса, онсыз да өзгелер сияқты өмір сүре алмайтын балақай асты зонд арқылы ішуге мәжбүр болған.
Сал ауруының гиперкинетикалық формасына шалдыққан Кәмила отбасымен Алматы қаласына көшіп келгеніне бір жыл болды. Қызына үздіксіз күтім мен көмек қажет болған соң анасы жұмыстан да шығып кеткен. Мүгедек баласының жәрдемақысы оның қажетті ем алуы үшін жеткіліксіз болып отыр.
Алматы қаласында уақытша ғана тіркелген анасы мүгедектерге берілетін көмекті толықтай ала алмауда. Ол үшін ресми түрде қала тұрғыны болып тіркелу керек. Атыраудан келіп пәтер жалдап тұратын бұл отбасының Алматыда тіркелетін жақындары да жоқ.
Камиланың жағдайына байланысты көмек қолын созып, жанашырлық танытқысы келетіндер болса мына есепшотқа қаржы аударуыңызға болады:
Қыз баланың туыстары үшін әрбір тиын өте маңызды
Kaspi Gold: 5169 4931 5445 0202
Halyk Bank: 4402 5735 5373 0799
ИИН: 6809 1740 2622
Кәмиланың анасы: 8 778 359 8080 (Ляззат)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1744431-auyr-dertke-saldykkan-togyz-zasar-kyz-halyk-kmegine-mktaz-bolyp-otyr/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.