jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Риза Шайқақ
Риза Шайқақ
Бұрынғы қызметкер

Қымбат мейрамханада кездесу өткізген шымкенттік әкім сынға қалды

: UGC

Еліміздің үшінші мегаполисіне айналған Шымкент қаласына қарасты әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов халықпен кездесуін қымбат мейрамханада өткізіп, айды аспанға бір-ақ шығарды. Бұл туралы Zamana.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Қымбат мейрамханада кездесу өткізген шымкенттік әкім сынға қалды
Ғабит Мәуленқұлов. Фото: zamana: UGC

Жаңадан тағайындалған әкім өзіне бағынышты құрылым басшыларымен жақын танысып, жұмысын бастамас бұрын жергілікті зия­лы қауым өкілдерін ақ дастархан басына шақыруды жөн көріпті.

«Ай-ғасыр» мейрамханасында өткен кездесуде аудан ақсақалдары бата беріп, «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің наиб-имамы әруақтарға құран бағыштаған.

Ғабит Мәуленқұловтың бұл қылығын құп көрмеген "Abai.kz" порталының тілшісі Нұрбике Бексұлтанқызы "арзан пиар жасаған" әкімді сынның астына алды.

"Әкім – жергілікті биліктің айнасы. Әрине, қазақылық реңк беріп, әруақтарға құран оқыту бір қарағанда дұрыс та шығар. Бірақ бұл асқа қаржы қайдан алынды? Мемлекеттен бе? Елдің шөкімдеп жиған салығын мейрамханада ас беруге жұмсауға ешкімнің хақысы жоқ. Бұл – бір.

Екіншіден, «қаржы әкімнің жеке қалтасынан төленді» дегеннің өзінде ашықтан-ашық (әлеуметтік желіге жариялап) зиялы қауымның аузын майлап, тамаққа тойдыру сыбайлас жемқорлыққа жол ашары анық.

«Су ішкен құдығына түкірмейтін» қазақ түрлі жағдай туа қалса Мәуленқұловтың дастарханын аттап кете алмайтыны тағы анық.

Үшіншіден, бұл үрдіс басқа әкімдерге «үлгі» болып кетсе, сорымыз және қайнайды. Дастархан басы – ағыл-тегіл тілек пен мақтау үшін таптырмайтын орын. Мұның пайдасынан зияны көп екенін мейрамханада кездесу өткізбей-ақ көріп жүрген жоқпыз ба?", - дейді ол.

Шымкенттік әкімдердің ерекшеленуге бейім екенін алға тартқан тілші Ғабидолла Әбдірахымовтың та түрлі "қылықтарын" тізбектей келе, бұл "індет" өзгелерге жұқпай тұрып сақтану керектігін жазады.

"Әкіммен кездесу тойға айналмауы керек. Аста-төк дастархан жайып, бата тілеп, қол жайып жүрген Мәуленқұловтың сыбағасын Ғабидолла Әбдірахымов беруге тиіс", - деп аяқтады сөзін Нұрбике Бексұлтанқызы.
Қымбат мейрамханада кездесу өткізген шымкенттік әкім сынға қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.