jitsu gif

Қарағандылық келіншек ғашығы үшін екі жасар қызынан бас тартты

: UGC

Теміртауда екі жасар қызын бейтаныс әйелдің қолына ұстатып, ізін жасырған көкек ананың қызынан сүйіктісі үшін бас тартқаны белгілі болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Ана мен бала. Көрнекі фото: weibo.com
Ана мен бала. Көрнекі фото: weibo.com: UGC

Айта кетсек, бейтаныс әйелден екі жасар балаға қарай тұруын өтініп, оны көшеде тастап кеткен келіншек туралы бұған дейін хабарланған болатын.

Қамқоршы органдар қыздың анасы бейтаныс әйелге қалдырып кеткен телефон нөміріне қоңырау шалып, көкек анамен тілдесті.

Келіншек телефон арқылы қызын ендігі керек етпейтінін мәлімдеген. Ол өзге ер азаматпен көңіл жарастырыпты. Жаңа сүйіктісі келіншекті қызымен бірге қабылдаудан бас тартқан. Нәтижесінде келіншек қызын тастап, ер адамды таңдауды жөн санапты.

"Қыздың анасы 1992 жылғы Қарағанды тұрғыны болып шықты. Оның қызына құжаттары болмады", - дейді қамқоршы органының өкілі.

Олар қыз баланы бөбектер үйіне жіберді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.