Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде 60 жылдан кейін төселген асфальтты көрген тұрғындар қой сойып, той жасады

Опубликовано:

Ақтөбеліктер жолға төселген асфальтты "жуып", той жасап, әп-сәтте жұлдызға айналды. Ақтөбе қаласының Мөңке би көшесіне салынған жаңа жолға дастарқан жайғандар көпшіліктің таңданысын туғызған деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Су жаңа асфальт. Фото: NUR.KZ
Су жаңа асфальт. Фото: NUR.KZ: UGC

Ал 60 жылда бір жаңарған жолға қуанған халық ұлан-асыр той жасап мәз.

"Жөндеу жүргізіліп жатқан жолды екі жақтан жауып, ортасына дастархан жайдық. Жолдың үстіне кілем, көрпе жайылды. Көршілермен жаңа асфальтты "жудық". Бәрі көңілді өтті.

Мен өзім осы жақта тудым. Біздің көшеге соңғы рет жол жөндеу жұмыстары 1960 жылы жасалды. Біздің көшенің тұрғындары өте тату. Бұл жерде өзге ұлт өкілдерінен екі орыс отбасы бар. Көршілеріміз бізді қыдырыстардан қалдырмайды", - дейді Лена есімді Мөңке би көшесінің тұрғыны.

Су жаңа асфальт. Фото: NUR.KZ
Су жаңа асфальт. Фото: NUR.KZ: UGC

Бір көшенің тұрғындары мал сойып, жаңа жолдың үстіне құран оқыған.

"Көшемізге салынған асфальтқа қуанып, той жасадық. Мал сойып, сірне пісірдік. Мен өзім бұл жерге 2000 жылы көшіп келдім. Жылда қазады, балшығымыз езіліп тұратын",-дейді Самат Малдығұлов.

Фото: Instagram. Atyrauoil парақшасы
Фото: Instagram. Atyrauoil парақшасы: UGC

Тұрғындар той жасау үшін ақша шығындауға да келіскен.

"Әр отбасы 3000 теңгеден жинадық. Жол салынғанда қуанғанымызды көрсеңіз. Instagram желісіне шығарылған фото тек кішкентай жері. Аяқ астынан жұлдыз болып кеттік.

Біздің дастархан бір кварталға созылды. Осы жерде жүрген жұмысшыларды дастарханға шақырып, рақметімізді айттық. Әкімдіктің адамдарын келесіде шақырамыз", - дейді тұрғын Салиха Сағындықова.

Мөңке би көшесінің тұрғындары бордюрі төселмеген жолға да қуанып жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1747435-aktbede-60-zyldan-kejin-tselgen-asfaltty-krgen-trgyndar-koj-sojyp-toj-zasady/

pixel