jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Швейцарияда Әблязовті көріп қалған Жүрсін Ерман ашуға булықты

: UGC

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман Швейцарияда Мұхтар Әблязовпен кездесіп қалғанын мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Әблязов пен Жүрсін Ерман. Коллаж: NUR.KZ
Әблязов пен Жүрсін Ерман. Коллаж: NUR.KZ: UGC

Ол Швейцарияда серуендеп жүріп, Мұхтар Әблязовпен жолығып қалғанын өзінің желі парақшасында жазған.

"Кеше кешкісін Бақытжамал екеуміз Швейцарияның шағын бір қаласында серуенге шықтық. Көшеде жан жоқ, кенет қарсы алдымыздан Мұхтар Әблязов шыға келді.

- Ей, Әблязовсың ба ? - дедім тоқтап. Ол танымайтын, білмейтін, естімейтін адамдай жүрісін жылдамдатып өте шықты.

Оппозиция серкесі болғаныңды ұрайын. Жат жерде жолыққан бір қазақпен амандасуға жарамаған бұл қашақ кімге тұлға болғандай? Осы жүрісінде не мағына бар!? Алаш көсемдерінен садаға кетсін!", - деп жазған Жүрсін Ерман.

Айта кетсек, бұған дейін Тәтішевтің өлімі бойынша Әблязовқа қатысты тергеу жұмыстары аяқталғанын хабарлаған болатынбыз. Әблязовтың қылмысы дәлелденсе, ол өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Швейцарияда Әблязовті көріп қалған Жүрсін Ерман ашуға булықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.