jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

"Қазақфильм" мен "KIMEP" университеті жекеменшікке өтеді

: UGC

Алдағы уақытта бірқатар ауруханалар мен университеттер, "Қазақфильм" киностудиясы 2020 жылға дейінгі жекешелендіру бағдарламасы аясында жекеменшікке өтпек. Бұл туралы egov.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Коллаж NUR.KZ (фото kazakhfilmstudios.kz және kassir.kz)
Коллаж NUR.KZ (фото kazakhfilmstudios.kz және kassir.kz): UGC

Жекеменшікке өтетін нысандар тізіміне қатысты өзгертулер жобасы 6 қыркүйекте жарияланған. Оған сәйкес, бірқатар министрліктер мен ведомстволар өздеріне бағынышты кейбір мекемелерді жекеменшікке өткізбек.

Осылайша, білім және ғылым министрлігі "КИМЭП" университетін, "Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдер университетін", "М.Нәрікбаев атындағы ҚМГЗ университеті" және т.б. жекенің қолына өткізбек екен.

Ал, мәденит және спорт министрлігі "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ және Президент істері басқармасы "Орталық клиникалық ауруханасын" жекешелендірмек. Ал, қаржы министрлігі "Петропавл қаласының халықаралық әуежайы» мен «Шымкент әуежайын" жекенің қолына өткізуді жоспарлап отыр.

"Қазақфильм" мен "KIMEP" университеті жекеменшікке өтеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.