Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алпамыс" батыр жырын жатқа айтқан Алматы облысының оқушысы 1,5 млн теңгені ұтып алды (фото)

Опубликовано:

Қазанның 2-і күні "Тұлпар мініп, ту алған" атты рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен оқушылар арасында өткен "Алпамыс" батыр жырын жатқа айту байқауы өз мәресіне жетті. Бас жүлдені қанжығасына байлаған 9 сынып оқушысы Аружан Абсатар 1,5 млн теңгені қанжығасына байлады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Әдеби байқау барысында 6-10 сынып аралығындағы мыңнан астам мектеп оқушысы "Алпамыс" батыр жырын жаттаған. Ал күні кеше анықталған жеңімпаздар "Алатау" дәстүрлі өнер театрында марапатталды.

Аружан Абсатар. Фото: NUR.KZ.
Аружан Абсатар. Фото: NUR.KZ.: UGC

Бірінші орынды №180 орта мектептің 9 сынып оқушысы Аружан Абсатар иеленіп, 1,5 млн теңгені жеңіп алды. Ал Аружанның ұстазы Майра Мырзахметова Англияның "Оксфорд" университетінде үш ай бойы білімін жетілдіреді.

Абылай Бердеш. Фото: NUR.KZ
Абылай Бердеш. Фото: NUR.KZ: UGC

Екінші орын Алматы қаласындағы №187 лицейдің 6 сынып оқушысы Абылай Бердашевке берілді. Оның ұстазы Айжан оспанбекова Англияның "Оксфорд" университетінде екі ай бойы білімін жетілдіретін болады.

Бекзат Шардарбек. Фото: NUR.KZ
Бекзат Шардарбек. Фото: NUR.KZ: UGC

Ал үшінші орынды иемденген №152 мектеп-гимназиясының оқушысы Бекзат Шардарбек 500 мың теңгені ұтып алса, оны дайындаған ұстазы Фарида Сүлейменова Англияның "Оксфорд" университетінде бір ай бойы білім алмақ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Негізгі мақсаты, жастарды рухшылдыққа, отансүйгіштікке жетелеу болып табылатын бұл байқаудан кішкентай балалар да тыс қалмаған. Олар "Алпамыс" батыр жырын Роза Қасымқызының жетекшілігімен жаттап, түрлі сыйлықтар алды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Шара барысында, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының жетекшісі Балғынбаев Назар Албанұлы қазақ тіліне судай өзге ұлт өкілінің балаларын "Алғыс" хатпен марапаттады. Олардың қатарында Ким Ангелина, Ким Артур, Шут Михаил, Алиева Арзу бар.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

"Күміс көмей" номинациясын Мәншүк Арыстанбек пен тәлімгері Гүлжан Оспанова жеңіп алды. Ал "Жез таңдай" номинациясын Санат Ғизатұлы мен тәлімгері Салтанат Нүсіпова марапатталды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

"Тұлпар мініп, бәйге алған" әдеби байқауының аясында "Алашұлы" тобы мен Өмірққұл Айниязов ұлттық әндерді орындап, "Самұрық" би тобы өнерлерін паш етті. Олег Никитин Құрманғазының "Адай" күйін орындады.

Қазылар алқасы. Фото: NUR.KZ
Қазылар алқасы. Фото: NUR.KZ: UGC

Айта кететіні, "Алпамыс" батыр жырын өнер иелері Instagram желісінде жатқа айтып, видеоларымен бөліскен. олардың арасында Бекжан Тұрыс, Балғынбек Имашев, Серікқазы Дүйсенғазы, Әділ Ахметов бар.

Көрермендер. Фото: NUR.KZ
Көрермендер. Фото: NUR.KZ: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1755911-alpamys-batyr-zyryn-zatka-ajtkan-almaty-oblysyny-okusysy-15-mln-tegeni-typ-aldy-foto/

pixel