Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қоғам белсендісі қалталы жігіт іздейтін қыздарды сабырға шақырды

Опубликовано:

Қоғам белсендісі, белгілі кәсіпкер Полатбек Жоланов қалталы жігіттерді іздейтін қыздарды сабырға шақырды. Ол қазіргі қазақ қыздарының тұрмысқа деген көзқарасы туралы NUR.KZ редакциясына жолдаған хатында баяндады.

Фото: Facebook/ Полатбек Жоланов
Фото: Facebook/ Полатбек Жоланов: UGC

Полатбек Жоланов қазақ қыздарының 25-40 жас аралығында тұрмысқа шығу үшін қалталы азаматтарды іздейтінін айтты.

"400 мың қазақ қыздары 25-40 жас арасында өзіне мәнгілік жар табу үшін "машинасы бар, үйі бар, жағдайы жақсы жігіттерді" іздейді. Бұл қазақ қыздарына, тектілігімізге өте жат қылық.

Себебі, біз ата-бабаларымыздың тектілігіне, үлкен адамгершілігіне, кішіпейілдік қасиетіне қарап өскен халықпыз.

Сол себепті менің қыздарға айтарым, ешқандай дүниесіне қарамастан, қазақтың ұрпағын көбейту үшін өзіміздің жігіттерге тұрмысқа шығу керек.

Ер жігітті тәрбиелейтін, байытатын, балаларды өмірге әкелетін де - әйел!", - деді кәсіпкер.

Сондай-ақ, қоғам белсендісі қыздардың тәрбиесіне бала жастан көңіл аудару қажеттігін жеткізді.

"Ол үшін қыздың анасы мықты болу керек. Қазір шет мемлекетіне еліктеп, біздің қазақтың мәдениеті жойылып бара жатыр. Осыған халық болып түсіндіру мәселесін жүргізуіміз керек.

Бұл үшін қыз балаға алты жастан телефонды көп көрсетпей, үйді жинауды, ыдыс-аяқ жууды үйретіп, жақсы мәдениетті кітаптарды оқытуымыз керек.

Айтарым, қыз баланы кішкентай кезінен бастап ана болуға тәрбиелеу керек. Осылай тәрбиелемесек, қазақ халқы жойылып кетуі мүмкін",- деді ол.

Одан бөлек, Полатбек Жоланов өзі үйленген тұста әйелі еш нәрсе талап етпегенін де түртіп өтті.

"Мен әйеліммен отау құрған кезімде ештеңем жоқ еді. Ал әйелім ештеңе сұраған емес. Дүниең бар ма, жоқ па деп сұрамаған.
Сол кездегі жастар бір-бірінен дуниең бар ма деп сұраған емес. Сол себепті қазір сол кездегі отбасылар 40 жылдан астам бала шағалы, немелері болып, бірге өмір сүріп жатыр",- деді қоғам белсендісі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1759875-kogam-belsendisi-kaltaly-zigit-izdejtin-kyzdardy-sabyrga-sakyrdy/

pixel