Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жездесінен балалы болған қыз өзге еркекпен қашып кеткен

Опубликовано:

Шымкентте өзінің жездесінен аяғы ауыр болып, дүниеге нәресте алып келген 18 жастағы қыз ұшты-күйлі жоғалып кетіп, көпшілікті әуре-сарсаңға салды. Жас ана сәбиімен бірге емделіп жатқан жерінен жоқ болып кетіпті. Ақ халаттылар болса журналистерге ештеңе айтпаған деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы. 

Шымкентте жездесінен балалы болған қыз өзге еркекпен қашып кеткен
Көрнекі фото: www.pixy.ru: UGC

Шымкенттегі колледждердің бірінде 2 курста оқитын студент қалалық балалар ауруханасына алдыңғы аптада жедел жәрдеммен жеткізілген.

Оның 2 жасар баласының өкпесіне салқын тиіп, ауырған соң, емделу үшін дәрігерлер осы жерге әкеліпті.

Алайда араға бес күн салып 18 жастағы бойжеткен сәбиімен қоса із-түзсіз жоғалып кеткен.

Ал "қызымды ештеңеге қарамастан баласымен бірге бақтым" деген анасы жанын қоярға жер таппай отыр. 

Оның ойынша, қызы белгісіз ер адаммен көңіл жарастырып кеткен сыңайлы. Өйткені, жоғалардан бұрын өзін "ақтөбелік тұрғынмын" деп таныстырған жігіт оның үйіне жиі келгіштеп жүрген көрінеді.

Арада үш тәулік өткенде алыстан хабар келіп, жоғалған ана мен бала Алматыда екені белгілі болды.

Мұны естіген бойжеткеннің анасы қызына қатты ашулы екенін жеткізді.

“Тоғыз ай көтеріп, толғатып, ақ сүтімді берген қызым еді. Баласын кішкентайымнан бауырыма басып, ішпей-жемей соның аузына беріп отырған кездегі менің қызымнан көргенім осы болды. Ұстап алсам екеуін де аямаймын”, – дейді ол.

Қазір бұл іспен Қаратау аудандық полиция бөлімі айналысып жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, 18 жастағы бойжеткен осыдан екі жыл бұрын туған жездесінен жүкті болып сәби сүйген еді. Ал, сол кезде кәмелеттік жасқа толмаған жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түскені үшін ер азамат ұзақ жылға сотталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1760633-symkentte-zezdesinen-balaly-bolgan-kyz-zge-erkekpen-kasyp-ketken/

pixel