Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаева дәріханаларда есірткілердің еркін сатылып жатқанын айтты

Жарияланған күні:

Сенат депутаты Дариға Назарбаева денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа дәріханаларда дәрігерлер рецептісімен сатылуға тиіс дәрілердің еркін сатылып жатқанын айтты. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

otyrar.kz
Фото: otyrar.kz: UGC

Дариға Назарбаева денсаулық сақтау министрлігіне жіберген депутаттық сұранысында қазақстандық дәріханалардың көпшілігінде дағдылануға әкелетін күшті дәрілердің рецептсіз сатып жатқанын баса айтып өтті. Депутат"Трамадол" дәрісін мысалға келтірген.

Саясаткердің айтуынша бұл дәрі жасөспірімдер арасында кеңінен танымал екен.

"Көбінесе дәріні 14-18 жас аралығындағы жасөсірімдер сатып алады", - деді сенатор.

Наркологтар "Трамадолдың" құрылымы морфинге ұқсас екенін айтуда.

Дариға Назарбаева дәрінің масайтатын әсері бар екенін атап өтті. Мұның әсері дағдыға айналуы мүмкін, ал соның салдарынан ми мен бауыр жұмысы бұзылып, дәріні пайдаланбаған жағдайда адам қатты қиналып, ауырады екен.

"Бұл дәрі рецептпен сатылатын дәрілердің тізімінде болса да, шын мәнісінде дәріханаларда еркін сатылады", - деп мәлімдеді Дариға Назарбаева.

Сонымен қатар, Дариға Назарбаева денсаулық сақтау министрінің қазанның басында айтқан сөздерін еске алды. Ол кезде министр тегін дәрілердің 40 пайызы дәріханаларда сатылатынын мәлімдеген болатын.

Елжан Біртанов жеке мекемелер үкімет бақылауында болмағандықтан, оларды тексере алмайтынын айтқан еді.

Осыған байланысты депутат ведомствода қазіргі ахуалды түзету үшін қандай шаралар қолға алынып жатқандығын сұрады. Сонымен қатар, тексеруге болмайтын ұйымдар тізімінен дәріханаларды шығару ұсынылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1762501-nazarbaeva-drihanalarda-esirtkilerdi-erkin-satylyp-zatkanyn-ajtty/