Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 91 жастағы соғыс ардагерінің үйін өз келіні тартып алмақшы (видео)

Опубликовано:

Алматыда қиын жағдайға тап болған Ұлы Отан соғысының ардагері көпшіліктен көмек сұрауда. 91 жастағы кейуана келінінің кесірінен 62 жыл бойы тұрған баспанасынан айырылып отыр деп жазады NUR.KZ.

Екатерина Еременко. Фото: Facebook
Екатерина Еременко. Фото: Facebook: Twitter

Cоғыс ардагерінің басына түскен оқиғасына байланысты видео үндеуі Facebook желісіндегі «Делай добро Алматы» парақшасында жарияланған.

"Мен, Еременко Екатерина Андреевна. 1927 жылы туылғанмын. Ұлы Отан соғысы ардагерімін. Бүгінде қиын жағдайда қалып отырғандықтан көпшіліктен көмек сұрауға мәжбүрмін.

91 жасымда өз баспанамнан айырылып отырмын. Алаяқтар 62 жыл бойы тұрған үйімді тартып алмақшы. Өз қолыммен тұрғызған құрылыс нышандарын да бұзып тастады.

Мен бар мүлкімнен айырылып қалдым, ал құқық қорғау органдары алаяқтарға көмектесуде. Сот менің үлесіме шешілгенімен, қазіргі таңда олар істі алаяқтардың пайдасына бұрып тастамақшы. Маған бұл істе көмектесулеріңізді сұраймын" , - деді қарт әжей.

Ардагердің қорғаушысы Тамара Лавринова бұл мүліктік дауға қатысты тың мәліметтермен бөлісті.

"Екатерина Андреевна бұл үйді 1956 жылы күйеуімен бірге тұрғызған. 2006 жылы жолдасы оған айтпай, ұлының атына сыйға тарту келісімшартын жазып қояды.

Ерлі-зайыптылардың перзенті 2010 жылы инфаркттан көз жұмған. Артынша 2012 жылы ардагердің күйеуі де жүрегі тоқтап қалып, қайтыс болған.

2016 жылы соғыс ардагерінің келіні ешкімнен сұрамастан ауладағы барлық құрылыс нышандарын бұзып тастады.

Қарт әжейдің екі қызы мені оның құқығын қорғау үшін жалдады. Мәселенің анық-қанығы тексеру барысында үйдің құжаттары әжейдің келінің атына жазылғаны анықталды. Келіншек марқұм күйеуінің мүлкін мұрагерлік құқығы бойынша иеленіп алған.

Үй кейуананың атына тіркелгендіктен, мен сыйға тарту келісімшартының жалған екені туралы шағым түсірдім. Себебі, баспананың толыққанды қожайыны - Екатерина Андреевна. Ал әлгі құжат оның келісімінсіз жасалған.

Сот сыйға тарту актін заңсыз деп тауып, іс ардагердің пайдасына шешілген. Алайда оның келіні өз арыз-шағымын аппеляциялық және кассациялық соттарға берді. Ақыр-соңы Жоғарғы сот оларды қанағаттандырудан бас тартты.

Сот шешіміне байланысты, мен үйді әжейді атына қайта тіркеуге ХҚКО-на келгенімде маған құжат беруден бас тартты. Қызметкерлер сыйға тарту актісін жою үшін сотқа жүгінуіме кеңес берді. Бұл жалған құжат арқылы келіншек марқұм күйеуіне заңсыз түрде сыйға берілген үйді иемденіп алған.

Сыйға тарту келісімшартына қатысты сотқа шағым түсірдік. Ал ардагердің үйіне таласып отырған әйел жалған келісімшартты растауды талап етуде.

Ол тіпті 91 жастағы әжей сот отырыстарына өзі келу керектігін айтып, оның өзіне деген өкпе-реніші жоқ екенін мәлімдеді. Оған қарамастан, ол өз балаларын әжесіне жолатқысы келмейді.

Біздің арыздарды бір іске біріктіре қарастырып жатыр. Сот маман ретінде заңсыз келісімшартты тіркеп берген нотариусты шақыртқан. Ол жарты сағат бойы өзінің үш мәрте тіркеген құжатын соттың қабылдамауы әділетсіздік екенін айтумен болды.

Келіншек қарт әжейдің үйінің орнына екі қабатты коттедж салып, өз күйеубаласына сатып жіберген. Алайда ол үйде әлі өзі тұрып жатыр" , - деді қорғаушы.

Даулы үй Қалқаман шағын ауданында орналасқан. Аумағы 70 шаршы метрді құрайтын баспананың нарықтағы бағасы қорғаушының сөзінше 100 мыңнан кем емес.

Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Екатерина Еременконың ісі бойынша тыңдалым 16 қараша күні Наурызбай аудандық сотында сағат 12:20-ға белгіленгенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1763896-almatyda-91-zastagy-sogys-ardagerini-jin-z-kelini-tartyp-almaksy-video/

pixel