Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада 37 жастағы әйел пәктігін қалпына келтіріп, тұрмысқа шыққан

Опубликовано:

Астаналық гинеколог мамандар қазіргі күні қыздардың қыздықты қалпына келтіруге қатысты отаны көп жасатынын алға тартты. Айтуларынша, гименопластикаға әсіресе оңтүстік өңірдің қыздары көп жүгінеді екен деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: islam.ru
Көрнекі фото: islam.ru: Original

Елордалық гинекологтар соңғы жылдары пәктікті қалпына келтіру отасын жасатушы қыздардың саны артқандығын айтып, дабыл қағуда. Мамандардың сөзіне сенсек, олардың денін өрімдей жас қыздар құрайды екен.

"Қыздықты қалпына келтіру отасы медицинада – гименопластика деп аталады. Жасыратын ештеңесі жоқ, жыл санап бұл отаны жасаушылардың саны көбейіп келеді. Көмекке келетін қыздардың жас ерекшеліктеріне келер болсақ 15 жастан бастап 35-40 жасқа дейінгі аралықты қамтитын шығар.

Мысалы, менің тәжірибемде жасы 37-ге келген әйел болды. Тұрмыс құрмаған, бірақ ер адамдармен жақын қарым-қатынаста болған. Бір қызығы, ол өз махаббатын 35 жасында кездестіріп, сол адаммен отау құратын болған. Алайда, болашақ жары қыздыққа көп мән берген екен.

"Сосын амалсыздан осындай отаны жасатуға бел буған. Біздің клиникада мұндай отаның бағасы 35 мың теңгеден басталады. Бұған дейін гинекологқа келіп, жалпы қаралуы керек, оның бағасы шамамен 5 мың теңге тұрады. Ал қайта келіп қаралу 3500 теңгені құрайды. Сонда орта есеппен бұл отаға 45 мың теңгедей қаражат керек", - деді маман.

Елордадағы тағы бір жекеменшік клиниканың гинеколог маманы қай өңірдің арулары қыздықты қалпына келтіруге жиі жүгінетінін айтты.

"Көбінесе оңтүстік аймақтың қыздары пәктікті қалпына келтіруге жиі келеді деп айта аламын. Жас қыздар алыстан жұмыс іздеп келеді, сосын алданып қалып жатады. Ал тұрмыс құратын кезде, оңтүстікте қыздыққа қатты қарайды. Сондықтан, гименопластика жасатады.
Өкініштісі, ота жасататын қыздардың арасында өрімдей жас қыздар көп. Менің тәжірибемдегілердің бәрі 18-20 жастағы қыздар десем артық айтпаспын. Негізі медицинада бұл қалыпты жағдай. Ал қыздар өз тағдырларына жауаптырақ қарау керек шығар. Жігіттерге сенбестен бұрын, болашақ ана екендіктерін ұмытпаулары керек" , - деді маман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1764284-astanada-37-zastagy-jel-pktigin-kalpyna-keltirip-trmyska-sykkan/

pixel