Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полицейлер мінетін қымбат көліктер не себепті VIP нөмір тағады?

Опубликовано:

Желі оқырмандары Түркістан облысының полиция департаментіне наразы. Көпшілік қымбат Camry 70 патрульдік көліктерінің 7777 және 5555 сынды нөмірлермен жүргеніне шүйліккен деп жазады NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр: Facebook

Полиция "ерекше" нөмірлі қымбат көліктер не үшін керектігін түсіндіріп берді.

Соңғы үлгідегі Camry көлігінің бағасы бүгінде 25 мың доллардан басталады.

"Қазақстандық полицейлер осындай патрульдік көліктерге лайық па?", - деп жазды Facebook парақшасына өзін оппозиция жақтасы деп санайтын қазақстандық эмигрант.

Әйел адамның жазбасы желіде қызу талқыға түсіп, көптеген пікірлерге ие болды. Көпшілік келіншекті қолдайтынын жеткізіп, бұл мәселеге қатысты өз ойымен бөліскен.

Түркістан облысының полиция департаменті ғаламтордағы бейнежазбаға қатысты ресми мәлімдеме жасады.

"Бұл көліктер шетелдік делегацияны алып жүруге арналған. Көлік маркасы мен нөмірлер арнайы таңдалып алынған. Өйткені бұл темір тұлпарлар шетелдік өкілдердің алдында еліміздің деңгейін көрсетпек", - деп түсіндірді тәртіп сақшылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1764711-policejler-minetin-kymbat-klikter-ne-sebepti-vip-nmir-tagady/

pixel