jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Түркістан облысында екі құрбы он күннен бері табылмай жатыр (фото)

: Facebook

Түркістан облысында екі келіншек он күннен бері табылмай жатыр. Келіншектің біреуі екі ай бұрын тұрмысқа шыққан, ал екінші қыздың тойы 15-ші желтоқсанға белгіленген деп хабарлайды Алматы арнасы.

Алматы арнасының бейнематериалынан алынған скриншот
Фото: Алматы арнасының бейнематериалынан алынған скриншот: Facebook

Қыздар құрбы, әрі құрдас екен. Олардың қай бағытта кеткені әлі күнге дейін белгісіз.

1996 жылы туылған Ұлжалғас Мұсаева Сарыағаш ауданының Алпамыс батыр округының тұрғыны.

Ал 15-ші желтоқсанға тойы белгіленген Орынбасар Меруерт Ордабасы ауданы Амангелді ауылының тұрғыны екен. Ал үйдің кенжесі Меруерт Шымкент қаласының медициналық оқу орнының соңғы курсында оқып жүрген.

Алматы арнасының бейнематериалынан алынған скриншот
Фото:Алматы арнасының бейнематериалынан алынған скриншот: Facebook

Тәртіп сақшыларынан жөнді ақпарат ала алмаған қыздардың туыстары бақсы-балгерлердің көмегіне жүгініпті.

Алайда олар да түрлі ақпарат берген екен. Біреулері адам саудасы үшін ұстап отыр десе, екіншілері құрбылардың Шымкентке бет алғандарын айтқан, ал үшіншілері олардың Алматы қаласына кетіп қалғандарын алға тартқан.

Жоғалған қыздардың туыстарының арызын қабылдаған әл-Фараби ауданының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу ісін бастаған.

"Түркістан облысы Келес ауданының аудандық ішкі істер басқармасына арыз жаздық. Алайда олардың іздеу жұмыстарына көңіліміз толмай отыр. Қарындасымды көргендер болса, хабарлассын. Өзі мені көріп отырған болса, әке-шешең сені іздеп жатыр. Үйге қайт. Хабарлас. Біз бәріміз сені күтіп отырмыз. Қасындағы құрбы қызымен бірге кеткен екен. Оның әке-шешесі де күнде жылап отыр", – деді Ұлжалғастың ағасы Убайдолла Асылбеков.  

Егер Ұлжалғас пен Меруертті көргендер болса, төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласуларын сұрайды: 8707 460 07 06, 8775 680 88 78, 8702 355 69 86

Түркістан облысында екі құрбы он күннен бері табылмай жатыр (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.