Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

15 жасында тұрмысқа шыққан келіншек күйеуінің қорлығын жайып салды

Жарияланған күні:

Павлодар тұрғыны Ардақ Әбдуалиева өзіне күйеуінің 15 жасында күшпен үйленгенін ашып айтты. Он жыл бойы күйеуінің қорлығын көрген келіншекті ер адам үйінен қуып шыққан. Үш баласымен көрісе алмайтын жағдайға жеткен келіншек қазір балаларын қайтаруға күш салуда хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Ардақ Әбдуәлиева. Фото: "Евразия" арнасынан кадр
Ардақ Әбдуәлиева. Фото: "Евразия" арнасынан кадр: Instagram

Күйеуі үйінен қуып шыққан келіншек қазір балаларымен қайта көрісу үшін күресіп жүр.

"Мен оған 15 жасымда тұрмысқа шықтым. Оның маған қол көтергенін айтуға ұялып, жұрттан жасыратынмын. Осы жағдайдың барлығын енем көріп жүрді. Он жыл бойы олардың қысымын көріп, тіпті рұқсатсыз сыртқа шыға алмайтын жағдайға жеттім. Қазір балаларымды өзіме қайтарып беруін сұраймын", - деп Ардақ Әбдуәлиева жанайқайын жеткізді.

Ал келіншектің заңгері Күміс Түсіпбаеваның айтуынша, Ардақ Әбдуәлиеваның күйеуі үйден қуып шығып, балаларды бермей қойған.

"Қазір арнайы сот-сараптамалық зерттеу жүріп жатыр. Ардақ үйден өз еркімен кетпеген. Оны күйеуі үй киімімен қуып шыққан. Ал үш баланы өзіне алып қалған. Бір жылдан бері Ардақ балалары үшін соттасып жүр", - деді келіншектің заңгері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1766768-15-zasynda-trmyska-sykkan-kelinsek-kjeuini-korlygyn-zajyp-saldy/