Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда жетімдер үйіне барғысы келмейтін балақайлар көпшілікті жылатты (видео)

Опубликовано:

Ақтаудың Ақшұқыр ауылында анасы қайтыс болған екі кішкентай бала көпшіліктің көмегіне мұқтаж болып отыр. 12 жыл бойы баспанаға кезекте тұрған марқұм келіншек, ақыр-соңы арман еткен үйіне қол жеткізе алмай кеткен. Ең сорақысы тұратын жері жоқ бүлдіршіндер 21 жастағы әпкесінің бар екеніне қарамастан балалар үйіне өтуге мәжбүр деп жазады NUR.KZ.

Анықталғандай, жетім қалған балалардың әпкесі тұрмыста, алты айлық баласы бар. Алайда, оның да тұрғылықты баспанасы жоқ болғандықтан, кәмелетке толмаған жеткіншектер балалар үйіне өтуі әбден мүмкін.

Қиын жағдайға қалған отбасыға қайырымдылықпен айналысатын бірқатар ерікті көмекке келген. Қайырымды жандар желтоқсанның 25-не дейін үй алуға қажетті қаржыны жинап үлгеріп, жетім қалған балақайлардың әпкесінің қасында өсуі үшін барын салып жатыр.

Олардың айтуынша, 26 желтоқсан бүлдіршіндердің болашағы шешілетін күн.

"Әрбір қазақ жалғызымыз. Бәріміз бір болып, бұл балақайларға көмектесуіміз қажет. 21 жастағы әпкесі мен жездесінің баспанасы жоқтығына байланысты 26-шы желтоқсан әкімшілікте арнайы комиссия болады. Дәл сол жерде шешім шығарылуы мүмкін" , - деп ағынан жарылды олар.

Еріктілер ашқан есепшотқа балаларға көмектескендер саны бірінші күнде-ақ көп болған. 24 сағаттың ішінде жетімдердің баспаналы болуы үшін 662 000 мың теңге аударылған. Бүгінгі көрсеткіш бойынша 1 803 006 теңге жиналды. Алайда, бұл қаражат үй алу үшін әлі де аздық етеді. Сол себепті, олар барша қазақстандықтардан көмек сұрауда.

Балақайлардың туған әпкесінен ажырап, жетімдер үйіне өтпей баспаналы болуы үшін көмектесем деушілер үшін есепшот нөмірлері:

Халық Банк: 4390 8782 2918 7405

Каспи Голд: 5169 4931 5788 9422

ЖСН: 7002 1645 0132

Киви әмиян: 87021349750

Ешниязова Эльмира Аблезовна (ерікті)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1768233-aktauda-zetimder-jine-bargysy-kelmejtin-balakajlar-kpsilikti-zylatty-video/

pixel