Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада тек бай-бағландар шоғырланған аудан туралы не білеміз?

Опубликовано:

Қызылордада бақуатты тұратын азаматтар көп. Табыс көзін тауып, кәсібін дөңгелетіп жүрген кісілерді көпшіліктің ішінен байқау қиынға соқпайды. Көпқабатты үйлерде тұрып, қымбат көлік мінетін жандарға қызығып қарайтын қарапайым тұрғындар да жетерлік. Ең қызығы, Қызылордада тек "байлар" шоғырланған мөлтек аудандар бар. Көрген адамның көз жауын алатын үйлер тамсандырмай қоймайды деп жазады өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Depositphotos

Қызылорда "олигархтарының" көбісі қаладағы Шүкіров көшесінің бойында тұрады. "Халыққа қызмет көрсету орталығының" жанынан бой көтерген мөлтек ауданға келген адам құдды бір өзге шаһарда серуендеп жүргендей әсерде қалады.

Бұл аймақтан көліктердің қозғалысы аса көп байқалмайды. Соған қарамастан асфальт жолдары тақтайдай түзу.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Depositphotos

Шет аймақтағыдай шұрық – тесік жолды көрмейсің. Айналаның барлығы мұңтаздай тап-таза. Күнделікті тазалық мекемесінің жұмысшылары осы аумақты жинап жүретінге ұқсайды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Depositphotos

Әрбір үйдің алдында қоқыс жәшігі орналастырылған. Тұрмыстық қалдықтар уақытылы алынатын көрінеді. Ал түн мезгілінде айнала талапқа сай жарықтандырылып тұрады.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Depositphotos

Бұл аумақтан жер сатып алуға кез келген адамның шамасы жете бермейді.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Depositphotos

Құны шет жақтағы үйлерден қымбат болмаса, арзан емес. Көпқабатты коттедждердің қымбат құрылыс заттарынан салынғанын аңғаруға болады.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Depositphotos

Зәулім үйлер есімдері елге белгілі сәулетшілердің туындыларынан кем емес. Әрбір үйдің алдында соңғы үлгідегі автокөліктерді де кездестіруге болады.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Depositphotos

Бұл мөлтек аудандағы тағы бір ерекшелік – мұнда жол белгілері ретімен қойылған.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Depositphotos

Соның нәтижесінде көлік жүргізушілері бей-берекет әрекетке бармайды. Бай ауданнан жол –патрульдік полиция қызметкерлерін де жиі көруге болады.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Depositphotos
"Бай болу – әр адамның өз қолында. Өз еңбегінің арқасында табысқа жеткен жандарды жамандауға болмайды. Бірақ тек "бай" кісілер тұратын ауданға ғана биліктегілер назарын аударатындығы ашуландырады. Қарапайым тұрғындар тұратын көшелерді де жарықтандырып, асфальт төсегенін қалаймыз", - дейді қала тұрғыны Светлана Жаханқызы.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Depositphotos

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1768343-kyzylordada-tek-baj-baglandar-sogyrlangan-audan-turaly-ne-bilemiz/

pixel