jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Мүфтият: КФС-ге берілген "ҚМДБ халал сертификаты" өз күшін жойды

: Facebook

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы КFC-ге берілген "ҚМДБ халал сертификаты" өз күшін жойғандығын хабарлады деп жазады мүфтияттың ресми сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: bighospitality.co.uk
Көрнекі фото: bighospitality.co.uk: Facebook

ҚМДБ хабарлауынша, осыған дейін KFC ресторандар желісі Ресейге қарасты халал стандарт талаптарына сәйкес өндірілетін, ҚМДБ "Халал Даму" ЖШС-нің арнайы оқытылған қасапшылары тек қолмен бауыздап, "өлексе жеммен қоректендірілмеген" "Белая птица" құс өнімдері пайдаланып келді.

Бірақ көршілес елдің тарапынан туындаған заңды шектеулерге байланысты KFC-ге жеткізілетін "Белая птица" тауық өнімдерінің көлемі азайғандықтан, аталған мекеменің басшылығы ҚМДБ халал стандартына сәйкес келмейтін бірнеше құс фабрикаларының өнімдерін қолдануда.

"Қазіргі таңда KFC мекемесі қолданып жатқан "Белая птицадан" басқа тауық өнімдері ҚМДБ “Халал Даму" ЖШС-ң "Мал бауыздау және ет өңдеу халал стандарты" 1:2016 және "Халал өнімдерін тасымалдау мен сатуға, сақтауға, өңдеуге, дайындауға, өндіруге жалпы талаптар" 3: 2016 стандарттары талаптарына сәйкес келмейді", - дейді ҚМДБ.

Осыған байланысты, ҚДМБ "Халал Даму" ЖШС мен "The Caspian International Restaurants Company" ЖШС арасындағы шарттың уақытша тоқтағандығын, KFC-дің өнімдері толығымен "ҚМДБ халал стандарт" талаптарына сай келмегенше, мекемеге берілген "ҚМДБ халал" сертификаты мен KFC өнімдерінің қаптамаларының сыртындағы "ҚМДБ халал" таңбасы өз күшін жойғандығын жазған.

Ал Қазақстандағы KFC компаниясы Facebook-те 2018 жылы 11 желтоқсаннан бастап, халықаралық халал сертификаттау ұйымымен жұмыс істейтінін жазған.

"Қазақстан Республикасындағы KFC мейрамханалар желісі тек Халал өнімдерін пайдаланады. 2018 жылы 11 Желтоқсан айынан бастап біз халықаралық халал сертификаттау ұйымы ЗТБ “Қазақстан Халал Индустрия Ассоциациясы”-мен бірге қызмет жасаймыз", - делінген хабарламада.

Мүфтият: КФС-ге берілген "ҚМДБ халал сертификаты" өз күшін жойды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.