Тәуелсіздік күнін астаналықтар дүркіретіп атап өтті (фото)
Опубликовано:
Ел егемендігінің 27 жылдығына қазақстандықтар ерекше ден қоюда. Айтулы күнді бас қала тұрғындары - астаналықтар да айрықша атап өтті. Кеше Астананың оң жағалауында, ерке Есілдің жағасында естен кетпес отшашу болып, қала тұрғындарын таң қалдырды деп жазады NUR.KZ.
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/b6414825cd846e64.jpeg)
Отшашуға келген астаналықтардың санында шек болған жоқ.
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/41f3865687e188eb.jpeg)
Олар отшашудан бөлек, Есіл үстінде жасалған мұз айдыны мен сырғанақта шана тебумен болды.
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/349589ceca06f40a.jpeg)
Ғаламат отшашу түнгі саған 22:00-де басталды.
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/a3055886680ea45f.jpeg)
Айта кетерлігі, биылғы жылы отшашу тек қаланың бір орнында – Есіл жағасында болған еді.
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/db77ebe3755963d8.jpeg)
"Өте әсерлі отшашу болды. Тәуелсіздік күніне осындай отшашу дайындағандарға мың да бір рахмет. Егемендігіміз мәңгілік болсын", - деді қала тұрғындары.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1768942-tuelsizdik-knin-astanalyktar-drkiretip-atap-tti-foto/