jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Алматыдағы "Жолақ" камераларының қалай жұмыс істейтіні белгілі болды

: Facebook

Алматыда 25-ші желтоқсаннан бастап автобустарда орнатылған "Жолақ" камералары іске қосылады. Бұл жүйенің қыр-сырын "Алматы" арнасы анықтаған.

Алматы арнасының видеосынан скриншот
Фото:Алматы арнасының видеосынан скриншот: Facebook

Бастапқыда камераларды 50 автобус пен троллейбусқа орнату жоспарланған. Келесі жылдың жартыжылдығында барлық қоғамдық көлікке орнатылады.

Жобаны іске асырушылардың айтуынша, камералардың фокусының ара қашықтығы 15 миллиметр, бұл 25-30 метрдегі тәртіп бұзушыны анықтауға мүмкіндік береді.

Жүйе екі камерадан тұрады. Олар автобустың алдыңғы және артқы бөліктеріне орналастырылады. Бейне түрлі-түсті, ал түнгі уақытқа инфрақызыл шам да орнатылған.

Камера 80 градустағы көріністі қамтиды, сондықтан көрші жолақтағы көліктерді де бақылауға болады.

Сонымен қатар жүйеде екі GPS антенна орнатылған. Біріншісі автобустың орналасқан жерін анықтаса, екіншісі шұғыл көмек қызметтерімен байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

«Камера кешенінде жүргізушіге арналған қосымша батырма да болады. Егер қоғамдық көлік жүргізушісі қандай да бір оқиғаның куәгері болса немесе жол апатына түсіп қалса, бірден сол батырманы басады. Қоңырау 112 қызметіне түсіп, ол диспетчермен тілдесе алады», – дейді жобаны дайындаушы компанияның техникалық директоры Алексей ЧЕРНОВ.

Видео таспалар автобустың ауысымы аяқталғаннан кейін полицияның ақпараттар қорына онлайн режимде жіберіледі. Мәліметтер жүйеде үш күн бойы сақталады, содан кейін қайта жазу іске қосылады.

Өндірушінің айтуынша, күніне 50 Гб көлеміндегі ақпарат жазылады.

Сынақ режимінде тек бір қоғамдық көлік бір күнде 30 ереже бұзушыны тіркеген.

«Қаңтар айының бірінен бастап «Жолақ» бағдарламасы іске қосылып, дәл сол күннен бастап хаттамалар толтырылып, айыппұл салынады. Бастапқыда бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Егер бір жылдың ішінде бірнеше рет осындай құқық бұзушылыққа жол берілетін болса, онда айыпұл мөлшері 15-20 айлық есептік мөлшерінде өседі», – деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірек.
Алматыдағы "Жолақ" камераларының қалай жұмыс істейтіні белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.