Қуандық Бишімбаев қоныс колониясына ауыстыруды сұрады
Жарияланған күні:
Сотталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев қоныс колониясына ауыстыруды сұрады деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Экс-шенеуніктің бұл өтініші Түркістан облысы Төле би аудандық сотында қаралып жатыр.
Бишімбаев сот отырысына видеобайланыс арқылы қатысқан.
Сот әзірше шешім қабылдамады, өтінішті қарау мерзімі 29 желтоқсанға ауыстырылды.
Еске сала кетейік, Қуандық Бишімбаев былтыр қаңтарда ақша жымқырды деген күдікке ілініген. Осы жылдың наурыз айында ол 10 жылға сотталды.
Тамызда бұрынғы ұлттық экономика министрі Астанадағы колониядан Шымкенттегі колонияға ауыстырылған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1770837-kuandyk-bisimbaev-konys-koloniasyna-auystyrudy-srady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.